А.ҒИНИЯТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖОЛДАУЫ АЯСЫНДА БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ БАЯНДАДЫ

А.ҒИНИЯТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ 2022 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖОЛДАУЫ АЯСЫНДА БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ БАЯНДАДЫ

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары жөнінде баяндады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жұмысына келсек, біз денсаулық сақтауды қаржыландыру тәсілін қайта қарастыруды ұсынамыз:

Біріншісі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шығыстарын және халықтың жеңілдіктер алатын 15 санаты үшін медициналық сақтандыру жүйесіне мемлекеттің аударатын жарнасын  қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау. Екіншісі – қаражатты әкімшілендіруді оңтайландыру және оны тиімді пайдалану үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) пакеттерінің қаржылық шығынын біріктіруді заң  тұрғысынан  реттеу. Сондай-ақ МӘМС пен ТММКК пакеттерінің айқын конфигурациялары анықталады», – деп мәлімдеді А.Ғиният өз баяндамасында.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жағдайында ерікті медициналық сақтандыруды (ЕМС) іске қосу үшін ерікті медициналық сақтандырумен өтелетін медициналық көмектің бағыттары мен қызметтер тізбесі айқындалатын болады, сондай-ақ шетелдіктерге, атап айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттерге міндеттелетін медициналық сақтандыру заңнамамен  бекітіледі және іске асады деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Одан кейін министр Президенттің ауыл халқының медициналық көмекке сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық жобаның іске асу барысы туралы хабарлады.

Ол «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі мақсаты –  барлық ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету есебінен қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы алшақтықты  қысқарту, сондай-ақ ауыл тұрғындарына  шұғыл және арнаулы медициналық көмекті  уақтылы көрсетуді арттыру екенін еске салды.

Осылайша, ұлттық жоба аясында  655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісі, оның ішінде жаңа 228 объекті және қолданыстағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің орнына 427 объекті салынады. Сондай-ақ 32 көп бейінді орталық аудандық ауруханалар ұйымдастырылады. Оның ішінде қолданыстағы 12 аурухананы жетілдіру қамтамасыз етіледі.

Бұған қоса, А.Ғинияттың айтуынша, «Алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, босану, жарақат алу кезінде және  басқа  жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ ірі қалаларға бармай-ақ, телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер арқылы мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын жаңа көпбейінді орталық аудандық ауруханалар ашу қарастырылған.

Баяндамада айтылғандай, ұлттық жобаны іске асыру арнаулы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып,  ауыл тұрғындары арасында қан айналымы жүйесі ауруларының өлім-жітімін 23,6%-ға төмендетуге (100 мың тұрғынға шаққанда 166,7-ден 134,85-ке дейін),  4 миллионнан астам ауыл тұрғынын сапалы, жедел әрі жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының дәрігер мамандарды даярлауды жетілдіруге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі үш медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді университеттік аурухана мен клиника ашуды қарастыруда.

Сонымен бірге, А.Ғинияттың айтуынша,  үш жыл ішінде резидентураға бөлінетін  грант санын жыл сайын 70% -ға  дейін  –  2023 жылы 1 мың 700-ден  2025 жылы 3 мың 400-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сөзін қорытындылай келе, министр Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында берілген барлық тапсырмаларын  белгіленген уақытта орындайтынын атап өтті.