Қазақстан мен Арменияның Денсаулық сақтау министрлері коронавирустық инфекцияға қарсы шаралар туралы ақпарат алмасты

Қазақстан мен Арменияның Денсаулық сақтау министрлері коронавирустық инфекцияға қарсы шаралар туралы ақпарат алмасты

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Биртанов пен Армения Республикасының Денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян телефонмен сөйлесті.

Ведомсвто басшылары алдымен Қазақстанда карантиндегі Ухань қаласынан (Қытай) эвакуацияланған Армения азаматының жағдайы жайлы сөйлесті.

Сонымен қатар, екі елдің министрлері коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары туралы ақпарат алмасып, ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Айта кету керек, бұл жағдай еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.