
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник австралиялық Fortescue компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форрестпен кездесті.
Тараптар медицина қызметкерлерін оқыту, озық технологияларды және онкологиялық ауруларды клиникалық зерттеу платформасын дамыту бойынша серіктестіктің маңызды бағыттарын талқылады.
Атап айтқанда, Қазақстанда қатерлі ісікті емдеудің серпінді әдістерін жетелдетіп әзірлеу тәжірибесін қолдану, онкологиялық аурулардың профилактикасы мен скринингін жетілдіруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар ҚР денсаулық сақтау саласын жаңғырту және тұрақты дамыту мақсатында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендігін жеткізді.