ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: масканы тек ЖРВИ белгілері болған жағдайда ғана кию қажет

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: масканы тек ЖРВИ белгілері болған жағдайда ғана кию қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:

  • қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;           
  • - қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;           
  • - адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;            
  • - науқас адамдармен байланыста болмауға;           
  • - суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет:           

  • масканы тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана кию қажет;           
  • - коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі.

Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі sмs -хабарламалар түрінде әрі қарай тарату үшін короновирустық инфекцияның алдын-алу туралы мәтін дайындады.        

Өкінішке орай, ұялы байланыс операторлары қазіргі жағдайда, яғни короновирустық инфекцияның алдын-алу туралы sмs-хабарламаларды жіберуден бас тартып отыр.           

Айта кету керек, бұл мәселе - барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар  және  кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.