Уханьдан эвакуацияланған қазақстандықтардың жағдайын Қазақстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктері қадағалайды

Уханьдан эвакуацияланған қазақстандықтардың жағдайын Қазақстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктері қадағалайды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадманов телефон арқылы сөйлесті.
Елжан Біртанов өзінің әріптесіне Уханнан қазақстандықтарды эвакуациялағаны үшін алғыс айтты.
Тараптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел орталығы арқылы тұрақты байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға келісті.
Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанның Ташкент қаласындағы (бес қазақстандық) Уханьнан эвакуацияланған азаматтарымыздың жағдайына бірлесіп мониторинг жүргізетін болады. Жерлестеріміз екі апталық карантинде отыр.
Айта кету керек, бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.