АЖАР ҒИНИЯТ "АМАНАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АЖАР ҒИНИЯТ "АМАНАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Аманат" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдады.

Қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына медициналық көмек көрсетуге, шетелде емделуге, мүгедектікті белгілеуге, ана мен баланы қорғауға және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар мәселелер бойынша жүгінді.

Келіп түскен сұрақтардың ішінде Алматы тұрғыны А.Б. - ның сүйек өткізгіштігін анықтау бойынша өтініші жұмысқа қабылданды. Осыған байланысты штаттан тыс бас отоларингологқа балаға динамикалық бақылау жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының тұрғынынан диагнозды нақтылау және шетелде одан әрі емделу жөнінде өтініш келіп түсті. Консилиум шешімімен диагноз расталған жағдайда шетелге емделуге жіберу мәселесі қаралады.

"Аманат" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтардың 23 өтініші қаралды.
Денсаулық сақтау министрі азаматтардың проблемалық мәселелерін жеке бақылауға ала отырып, әрбір өтініш бойынша толық түсініктеме берді.