ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі В. Дудник Нұр-Сұлтан қаласының №9 қалалық емханасының жұмысымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі В. Дудник Нұр-Сұлтан қаласының №9 қалалық емханасының жұмысымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметінің жұмысымен танысу мақсатында 100,3 мыңнан астам адамға, оның ішінде 36 мыңнан астам балаға қызмет көрсететін Нұр-Сұлтан қаласының №9 Қалалық емханасына барды.
 
Емханада 501 медицина қызметкері жұмыс істейді, халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмекті 62 дәрігерлік учаске көрсетеді.
 
Вице-министр профилактика, акушерлік-гинекологиялық көмек бөлімшесінің, дені сау бала кабинеттерінің, әлеуметтік қызметкерлердің, амбулаториялық хирургия орталығының, сондай-ақ емхананың жалпы практика және коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі дәрігерлерінің жұмысымен танысты.
 
Айта кетері, бүгінгі таңда короновирустық инфекциямен ауыратын науқастардың саны 375 адамды құрайды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында 13 пациент, амбулаториялық бақылауда 360 пациент, яғни, жалпы санның 97%-ы.
 
Денсаулық сақтау вице-министрінің емхана ұжымымен кездесуінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мен ұйымдастырудың негізгі мәселелері талқыланды.
 
Вице-министр емхананың бас дәрігері С.Смағұловаға коронавирустық инфекциямен күресте бақылауды күшейтуді, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі құрылымдық бөлімшеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс алаңында "Әлеуметтік сақтандыру қоры" КЕАҚ-мен амбулаториялық хирургияны қаржыландыру және дамыту мәселелерін талқылауды ұсынды.