
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев Қызылорда облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне қатысты мәселе бойынша, атап айтқанда, осы өңірде жұмыс істейтін диспетчерлік ақпараттық жүйе бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Жиынға облыс денсаулық сақтау басқармасының, Қызылорда облысының облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының және "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ өкілдері қатысты.
Аталған мәселені шешу үшін Министрлік келесі тапсырмаларды берді:
1) Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ақпараттық жүйені әзірлеушімен бірлесіп, жедел медициналық көмек станциясының ақпараттық жүйесіндегі деректерді түзету мүмкіндігін болдырмауы тиіс;
2) Денсаулық сақтау басқармасы цифрландыру басқармасымен бірлесіп БКДҚ ақпараттық жүйесімен интеграцияны аяқтауы тиіс.
Сонымен қатар, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ 2022 жылдың 1 жартыжылдығына медициналық көмек көрсету үшін төлемге тексеру жүргізеді.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені бақылауда ұстайтын болады.