
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2020 жылғы бұйрығына сәйкес бүгіннен бастап ЕАЭО-ның кедендік шекарасына жататын шекаралардың басқа да, учаскелерін және орын ауыстырған адамдарды тексеру күшейтілді. Яғни, халықаралық әуежайлар, сондай-ақ еліміздің теміржол, автомобиль және теңіз шекаралары жіті бақылауда.
Мысалы, вирусты жұқтыру фактілері анықталған мемлекеттен келген ұшақ елімізге қонған соң, бортта аса қауіпті инфекцияға күдікті адамдар табылған жағдайда, ұшақ санитарлық тұраққа қойылады, сан-эпид қызметінің қызметкерлері пациенттердің жағдайын бағалайды.
Осыған орай, пациенттер сұрыптау жүргізілетін ғимаратқа жіберіледі және температурасы жоғары пациенттер одан әрі бақылау және диагностика үшін стационарға жатқызылады. Температурасы бар науқастар басқа науқастардан оқшауланып, бақылауға алынады.
Халықаралық қатынастағы темір жол пойыздарында да осындай жұмыстар жүргізілетін болады.
Көлік өткелдерінде санитарлық-карантиндік бақылауды кеден қызметі органдары жүзеге асырады. Біз көмек көрсету үшін мамандарымызды іссапарға жібердік.
"Қиындық пен қауіпті жағдайда өз борышын атқаруда қажырлы еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын", - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

