ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыруды жалғастырады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыруды жалғастырады

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен бірге Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарына барды.

Олар ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуімен және медицина саласын цифрландыру деңгейімен танысты.
Айта кетері, бүгінгі таңда денсаулық сақтаудың базалық АТ-инфрақұрылымын құру кезеңі өтті, МӘМС енгізу үшін техникалық негізді қамтамасыз ететін медициналық ақпараттық жүйелер енгізілді.

Бұл жұмысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі депутаттық корпуспен және "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп бастаған болатын.

Алдағы уақытта ЦДИАӨМ-мен бірлесіп медициналық ақпараттық жүйелерді дамытуды жалғастыру және медициналық деректерді енгізетін субъект ретінде дәрігердің іс - қимылын барынша азайтуды, яғни оны медициналық ақпаратты тұтынушы етуді қамтитын жұмыстың бизнес-процестеріне реинжиниринг жүргізу жоспарлануда.

Азаматтық қоғамның қанағаттанушылығын бірінші кезекке қою және осы призма арқылы дәрігерлердің жүктемесін жеңілдету үшін бизнес-процестерді қайта қарауды қамтамасыз ету және "дәрігер – ақпарат көзі емес, оны тұтынушы" қағидатын іске асыру маңызды болып табылады.
Бір күні енгізілген медициналық деректерді қайта енгізуді қажет етпей-ақ бірнеше рет қолдану керек, яғни "датацентризм" тәсілін енгізіп, деректер керісінше емес, "пациенттің соңынан еруі" тиіс.    

Осылайша, дәрігерлер денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерге енгізілетін деректердің көлемін барлық мүдделі тараптарды: медициналық жұртшылықты, азаматтық қоғамды және реттеуші орган тұлғасындағы мемлекетті ескере отырып қайта қарайтын болады.