А. ҒИНИЯТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

А. ҒИНИЯТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңір жұртшылығымен есептік кездесу өткізді.
ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы сөз қозғай отырып, ол "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы бекітілгенін және биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң қабылданғанын атап өтті.
Ол қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы заң жобасын қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол сақтандыру қаражаты есебінен пациенттердің денсаулығына келтірілген залалды өтеуді көздейтінін айтты. Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын көтеру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту, Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.
"Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын медициналық-санитарлық алғашқы көмек - бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіретін қызмет", - деп атап өтті А.Ғиният.
Біздің мақсатымыз - ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту, ауылдық елді мекендердің тұрғындарын диагностикалау және емдеу үшін оларға жағдай жасау.
Түркістан облысында ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының саны – 705, 2025 жылға дейін ауылда 142 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда.
"Қолжетімділігі қиын ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жылжымалы медициналық кешендердің әлеуеті кеңінен қолданылады. Бұл өңірде 13 ЖМК жұмыс істейді, олар 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 214 мыңнан астам адамды қамтыды", - деді А.Ғиният.
Сондай-ақ, халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде үйде медициналық қызметкермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді, бұрын бұл ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған еді.
Ведомство басшысы өңір тұрғындарына жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз арнайы мамандарға қолжетімділік туралы хабарлады, бұл енді амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларында жазылған. Сондай-ақ, оның айтуынша, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде тексеру мен емдеуді жеделдету үшін "жасыл дәліз" енгізілген, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттер 18 жұмыс күні ішінде консультация алып, тексеріледі.
Бұдан әрі ол денсаулық сақтаудың басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғау болып қала беретінін атап өтті, сондықтан қазір еліміздегі перинаталдық қызмет деңгейін көтеру міндеті басым болып тұр.
"Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 8 перзентхана, оның ішінде Түркістан облысында – 2 перзентхана салу жоспарлануда", - деп хабарлады А.Ғиният.
"2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. 2021 жылы Түркістан облысында 453 квота бөлінді, 62 әйел жүкті болды, 106 - сы бала туудың бақытына ие болды", - деді министр.
Сондай-ақ, ДСМ басшысы денсаулық сақтау жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету туралы баяндады. Мәселен, 2021 жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 3050 түлегі бөлінді, оның ішінде Түркістан облысына – 180, биыл 170 түлек жіберу жоспарлануда.
2025 жылға қарай республикалық бюджет есебінен гранттар саны 2000-ға дейін және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1500-ден астам грант ұлғайтылатын болады.
Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту және қайта қарау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Кездесу барысында өңірлік ардагерлер ұйымының басшысы қалпына келтіру еміне қол жеткізу, бейінді орталықтарға жолдама беру мәселесін көтерді.
Министр өз жауабында пандемия кезінде барлық медициналық ұйымдардың, соның ішінде ардагерлерге арналған ауруханалардың шамадан тыс жүктелгенін түсіндірді.
“Біз пациенттердің осы санаты үшін медициналық көмек пен қалпына келтіру емінің қолжетімділігін жақсарту үшін барлық күш-жігерімізді қабылдайтын боламыз”, - деп сендірді министр.
Бірнеше өтініш ауылдық жерлерде перзентханалар салу мәселелеріне қатысты, онда әйелдер акушерлік-гинекологиялық көмекке ондаған шақырымға баруға мәжбүр екені қозғалды.
"Бұл өңірде бала туудың жоғары деңгейін және босандыру ұйымдарының қуатын арттыру қажеттілігін ескере отырып, Түркістан облысында 2 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарлануда, олардың бірі Сарыағаш ауданында салынатын болады",-деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Жетісай ауданы тұрғындарының бірі осы қызметті аудандық аурухана деңгейіне қайтаруды ұсынып, жедел жәрдем жұмысына шағымданды.
Министр бұл жағдайда шұғыл көмек бүгін екі деңгейде көрсетілетінін, күрделі жағдайлар бойынша облыстық аурухана базасында көрсетілетінін және шақырулардың төртінші санаты аудандық деңгейде қалып отырғанын түсіндірді. Түркістан облысының тұрғындарын жедел жәрдем бригадаларымен қамтамасыз ету бөлігінде А.Ғиният жыл сайын іске қосылатын жаңа қуаттарға, халықты қамтуды кеңейтуге және шақыруларға қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа станциялардың құрылысына назар аударды.
Кездесу соңында қонақтар қызметкерлерге, денсаулықты қорғап, оны сақтауға көмектесетін, ауруханаларда емдеу үшін айтарлықтай жайлы жағдай жасайтын дәрігерлерге ризашылықтарын білдірді.
Ардагерлер ұйымы өкілдерінің бірі министрге үндеуінде еліміздің денсаулық сақтау саласында болып жатқан үлкен өзгерістерді атап өтті.
"Бұрын жүрек тамырын шунттау бойынша ота жасайтын дәрігерлер аз болатын, ал қазір бұл қатардағы араласу әрбір облыстық ауруханада жүргізіледі. Осы жылдар ішінде біз алға жылжып, ағзаларды трансплантациялауды, буындарды ауыстыруды, созылмалы науқастардың өмірін ұзартуды үйрендік. Сондықтан біздің дәрігерлеріміздің еңбегін бағалап, оларға қаржылық жағынан да, моральдық жағынан да барынша көмектесу керек. Медицинамыздың болашағы үшін Қазақстандық жас дәрігерлерді оқытуға ақша аямау керек", - деді кездесу соңында облыстық ардагерлер ұйымының басшысы Жарылқасын Әзіретбергенов.
Кездесу соңында министр кездесуге қатысушыларға денсаулық сақтау саласын белсенді қолдағаны, медицина мәселелеріне немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс айтып, Министрліктің қоғаммен ашық сындарлы диалогқа дайын екенін атап өтті.