ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сарапшылары КВИ бойынша ағымдағы эпидемологиялық жағдай туралы баяндады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі сарапшылары КВИ бойынша ағымдағы эпидемологиялық жағдай туралы баяндады

Бүгін  Орталық коммуникациялар алаңында «Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемологиялық жағдай туралы  сарапшылардың баспасөз брифингі өтті.  Брифинг барысында ҚР ДСМ мамандары ағымдағы эпидемологиялық жағдай туралы баяндады.

Әлемде аурушаңдықтың өсуімен қатар, Қазақстанда да 20 маусымнан  бері КВИ-мен сырқаттанушылық өскені байқалады. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,2 есе өскен (2558-ден 8156 жағдайға дейін).

Мәселен, соңғы тәулікте КВИ+-тің 2 480 жағдайы және КВИ -13 жағдайы тіркелді.  Олардың 80%-ында соңғы вакциналау  мен ревакцинациядан кейін 6 айдан аса уақыт өткен.  Нұр-Сұлтан қаласы 21 шілдеден бері сары аймақта тұр, жалпы республика және өзге өңірлер – жасыл аймақта. Бұл туралы сарапшылар брифингінде ҚР ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Абзалқызы Қожапова мәлімдеді.

Ауырғандардың 90%-ға жуығы амбулаторлық  деңгейде ем алып жатқанын айта кету керек.  «Бүгінге таңда  Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Фильтр кабинеттерімен қамтылған, санитарлық-дезинфекциялық және эпидемолоиялық режим сақтаулы. Ауырғандардың 90% жуығы амбулаторлық деңгейде ем алуда. КВИ жұқтырған пациеттерге дер кезінде медциналық көмек көрсету үшін  Алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде КВИ жұқтырған науқастарды бақылау үшін 2387 мобильді бригада ұйымдастырылған. Олардың 1010-ы ауылдық жерлерде» – деп мәлімдеді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйыдмастыру департаментінің директоры Күләйім Біржанова. 

Әйтсе де,  бүгінгі таңда аймақтардағы жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде КВИ диагнозымен 35 науқас жатыр. Олардың ішінде жансақтау бөліміндегі ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында (15), ал Қызылордада-5 Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 науқастан жатыр. Бір апта бұрынғы (14.07.-18.07) жағдаймен салыстырғанда пациенттердің санын 1,9 есе өскен. Тағы бір айта кетерлік жайт, барлық науқастардың бұрыннан  келе жатқан аурулары бар. Айталық, 20,9%-ында артериялық гипертензия, 6%-ында жүректің ишемиялық ауруы, 4,5%-ында өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар,  4,5%-ы қант диабеті т.б. ауруына шалдыққан. 

Республикада  тиісті контингентті коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр. ҚР ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Абзалқызының айтуынша, қазір  Қазақстанда халықты вакциналау үшін вакцинаның үш түрі (QazVac, Sinopharm и Pfizer), ал қайта вакцинациялау және ревакцинациялау үшін QazVac және Sinopharm қолжетімді. 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге, және вакцинация курсын аяқтау үшін Phizer вакцинасы  қолжетімді. Жалпы, егу пункттерінде 1,6 млн доза вакцина бар.

Бүгінгі таңда КВИ-ға қарсы вакцинациямен халықтың  вакциналауға жататын ересек тобының 80%-дан аса бөлігі немесе бүкіл ел халқының 56%-ы қамтылған. I компонентпен – 10,7 млн, II компонентпен – 10,4 адам егілген. Тәулігіне 5 мыңнан аса адам егіледі.

КВИ-ға қарсы бастапқы ревакцинациямен қамту республика бойынша вакциналауға жататын халықтың 68,3% - дан астамын құрайды. Яғни 4,9 млн адам қамтылған.  Тәулігіне 10 мыңнан астам адам егілуде.

Ал, қайталама ревакцинациямен вакциналануға тиісті халықтың 55%-ы (320 мың адам) қамтылған.