
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді, онда ол "Қамқор" балаларды оңалту орталығына, қалалық емханаға барып, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының ашылуына қатысуды жоспарлап отыр.
Күннің екінші жартысында министр халықпен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды және Өңірлік коммуникациялар орталығы алаңында өтетін брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап береді.