Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуды орталықтандыру мәселелерін талқылады

Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуды орталықтандыру мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен Мемлекет басшысының "СК-Фармация" ЖШС базасында дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен техниканы сатып алуды орталықтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі бойынша отырыс өтті.
 
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев, "Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК-нің басқарма төрағасы Еркен Дәуітбаев, сондай-ақ өңірлер мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
 
Отырыста алғы сөз айтқан министр қазіргі уақытта ведомство осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын, сондай-ақ, жұмыс тобы құрылғанын, жол картасы бекітілгенін, медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
 
Отырыста "СК-Фармация" ЖШС веб-порталында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды орталықтандырылған сатып алу және орталықтандыру шеңберінде медициналық техниканың техникалық ерекшеліктерінің сипаттамаларына сәйкестігіне сараптама жүргізу мәселелері талқыланды.
 
"СК-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев медициналық техниканы сатып алуды орталықтандырудың ағымдағы жағдайы туралы баяндады.
 
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Еркін Дәуітбаев орталықтандыру шеңберінде медициналық техниканың кемінде екі моделіне сәйкестікке техникалық ерекшеліктің сараптамасы туралы хабарлады.
 
Веб-портал арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды жүргізуге қатысты ҚР ДСМ Дәрілік саясат департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов баяндады.

Отырыс соңында министр қазіргі уақытта сатып алу рәсімдеріне кірісу қажеттігін атап өтті.

"Құрметті өңір әкімдерінің орынбасарлары, Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауға алуларыңызды сұраймыз", - деп атап өтті ДСМ басшысы А.Ғиният.