Коронавирус инфекциясының Қазақстанда орын алуын болдырмау шаралары жағдайы бойынша Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін, 29 қаңтарда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдына сөз сөйледі. Төменде онлайн-трансляцияда айтылған басты мәселелер жөнінде қысқаша шолу беріп отырмыз.
МАСКА ТУРАЛЫ
Кеше біз журналистерге медициналық мекемелерге кәсіби дәрі-дәрмектерді сатып алу туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді ұсындық. Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлерге тікелей байланысқа шыққымыз келеді. Қазақстанда дәстүрлі медициналық маскалардың 5 отандық өндірушісі бар.
Құрметті отандық медициналық маска өндірушілер! Біз тек дәрі-дәрмектің ең жоғары бағасын реттейміз. Маска бағасын реттей алмаймыз. Сондықтан да елдің азаматтары үшін қажетті көлемде маскалар шығаруларыңызды өтінеміз.
6 ҚАҢТАРДАН КЕЙІН ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН БІЗДІҢ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРДЫ БАҚЫЛАУ МӘРТЕБЕСІ
Кеше атап өткенімдей, біз дене қызуы көтерілген барлық адамдар туралы емес, тек 6 қаңтардан бері Қытайдан келген адамдардың ішіндегі температурасы көтерілген адамдар туралы сөз қозғап отырмыз.
6 қаңтардан бастап бүгінге дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері бойынша 12 610 адам келді. Олардың ішінде біздің азаматтарымыз - 12.365 және шетелдіктер - 245. Бұл мәліметтер нақтыланған.
Бүгін таңғы 7-ден бастап Қазақстанның барлық аймақтарындағы медицина мамандары осы адамдардың 51,1% -ына, атап айтқанда 6 449 адамға қоңырау шалып, шағымдарын сұрап сөйлесті. 6 қаңтардан бастап Қытайдан келгендердің барлығына хабарласа беретін боламыз. Бұл ең алдымен олардың бәрін тіркеу үшін керек.
Қазіргі уақытта 35 адам жеке ауруханаға жатқызылып, бөлек бөлмелерде оқшауланды. Олардың 22-іне ЖРВИ, 4-іне - тұмау, 1-іне бір мезгілде - тұмау және параинфлюценоз диагнозы қойылды. Осылайша, 27 адамда маусымдық сырқат анықталды. Қалған 8 адамды және бұдан кейінгі сырқаттарды бақылау үшін сынамаларды алып, Алматыдағы Айкімбаев атындағы Ұлттық инфекциялық ғылыми орталығына жібереміз. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР- диагностикалау әдістемесін игергенін айта кеткім келеді.
Қазақстанда коронавирус инфекциясын болдырмаудың барлық ресурстары бар, сонымен бірге біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және Ресеймен өзара кәсіби көмек туралы келістік.
ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Науқас дене қызуымен және бас ауруымен түсті. Сұрау барысында анықталғандай, пациент жуынғаннан кейін вагонда терезе ашық қалғанда ұйықтап қалғандығы белгілі болды. Ол Хайнан аралынан оралғандықтан бөлек боксқа оқшауландырылды. Қазіргі уақытта пациент жүрек-тамыр жүйесінің ауыратынына шағымданбайды, температурасы жоқ. Барлық қажетті диагностика жүргізілуде.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
ЖРВИ диагнозы қойылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Температура қалыпты.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АҚПАРАТ ТУРАЛЫ
Біздің азаматтарымыздың жағдайы қалыпты. Олар Панфилов аудандық ауруханасында тексеруден өтті. Қазір оларды шығару мәселесі шешілуде.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ПОЗИЦИЯСЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай мемлекеті эпидемияның алдын алуға және оны басқаруға қабілетті екендігіне сенімді. Халықаралық бұл ұйым әлем елдеріне өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялауға кеңес бермейді, өйткені олар халықаралық қауымдастықты сабырлы болуға және болып жатқан оқиғаларға шамадан тыс реакцияға жол бермеуге шақырады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БҰҚАРАЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ҚХР-ҒА ТУРИСТІК САПАРЛАРДЫ ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ
Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік қызметшілердің іс-сапарларын шектейтін қаулы шығарды. Барлық халықаралық бұқаралық спорттық жарыстар кейінге қалдырылды. Қытайда теміржол жолаушылар тасымалы тоқтатылды.
ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ
Мен журналистер мен блогерлерден осы тұжырымдардың мағынасын шатастырмауды, кездейсоқ адамдардан сұхбат алмауды сұраймын. Жауапкершілік пен кәсібилікті көрсетулеріңізді өтінемін. Күн сайын фейк хабарлармен алмасуларды доғаруды халықтан сұраймыз. Оның орнына Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасына жазылып, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарымен танысыңыздар.