В.Дудник Телангана және Андра-Прадеш штатындағы ҚР Құрметті консулымен кездесті

В.Дудник  Телангана және Андра-Прадеш штатындағы ҚР Құрметті консулымен кездесті

Бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав  Дудниктің  Телангана және Андра-Прадеш штатындағы ҚР Құрметті консулы Мир Насир Али Ханмен Қазақстан мен Үндістанның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы жөнінде кездесуі өтті.

«Үндістан   біз үшін стратегиялық серіктес саналады. Еліміз арасындағы әріптестік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Үндістан Республикасы Денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық  туралы меморандумға сәйкес жүзеге асуда», – деп атап өтті вице-министр.

Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бірнеше бағытта дамып жатқаны  сөз болды. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында студент даярлауға қатысты. Қазіргі кезде бізде келісім негізінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 7518 Үндістан азаматы оқып жатыр.

Сонымен қатар фармацевтика саласында серіктестік қарқынды дамып келеді. Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық бұйымдардың жалпы  көлемінде үндістандық өндірісшілер шығарған өнімдердің үлес салмағы едәуір - 1060 дәрілік зат және 210 медициналық бұйымның аталымы бар. 

«Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі өзара тиімді серіктестікті одан әрі жалғастырып, ортақ мүддені ілгерілетуге ниетті, әрі ол «Ден сау ұлт» әрбір азамат үшін және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасымен сәйкеседі, – деп атап өтті В.Дудник.

Өз кезегінде Құрметті консул Мир Насир Али Хан қол жеткізген уағдаластықты ескере отырып,  денсаулық сақтау саласындағы ынтамақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екенін білдірді.

Ол жоғары оқу орындары арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, ҚР фармацевтикалық өндіріс саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру т.б. дамытудың маңыздылығына тоқталды. 

Кездесу соңында тараптар келісілген уағдаластықтың  сәтті жүзеге асуына тілеулестік білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша  тараптар ҚР медициналық оқу орындарында үнділік студенттерді даярлау, ҚР медициналық университетінің филиалын ашу т.б. бағыттар бойынша ынтымақтастықты күшейту жөнінде келісті.