
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник бүгін "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында өткен Астана медицина университетінің түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсіміне қатысты.
Іс-шараны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ашты. Ол түлектерге арнаған сөзінде еліміздің Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы бірқатар жетістіктерін, сондай-ақ университет студенттерінің пандемиямен күреске қатысуын атап өтті.
"Қызыл диплом алу үшін қаншалықты тер төгілгенін білемін. Медицина мамандығын меңгеру қиын. Бүкіл ел COVID-19 пандемиясына қарсы тұрған кезде, сендер жастарыңа қарамай, вируспен күресуге аға толқынмен қатар ат салыстыңдар. Оқуды сәтті аяқтағандарыңа өте қуаныштымын", - деді ол.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник университеттің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы рөлін атап өтті.
"Мен университеттің табысты дамуы еліміздің адами капиталының өсуіне одан әрі ықпал ететініне және қазіргі заманның барлық сын - қатерлеріне қарсы тұру үшін отандық денсаулық сақтауды әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деді Вячеслав Дудник.
Өз кезегінде АМУ Басқарма Төрағасы-ректоры Қамалжан Надыров құттықтау сөзінде диплом тапсыру рәсімі университет үшін ғана емес, бүкіл республика үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.
"Бүгінгі күн-бұл барлық жоғары білім беру жүйесінің салтанаты. Денсаулық сақтау саласы ұлт денсаулығы жолында шығармашылық және заманауи көзқарасты жүзеге асыра алатын жаңа, жас кадрлармен толықты. Есіңізде болсын, диплом табыстың кепілі емес. Сіздер жауапкершілі мол қызметті қиын, бірақ өте қызықты уақытта бастайын деп тұрсыздар. Әлем жаһандануда, шекаралар жойылуда, емдеуді диагностикалаудың жаңа технологиялары үлкен жылдамдықпен енгізілуде, сондықтан әрқашан сұранысқа ие болып, білімдеріңізді өмір бойы жетілдіріп, біліктіліктеріңізді үнемі шыңдап отыруларыңыз маңызды. Абыройлы болыңыздар, халаттарыңыздың ақтығын сақтаңыздар!»- деді ол түлектерге.
«Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтары бойынша интернатура және «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриат пен «Жалпы медицина» мен «Стоматология» мамандықтарын оқыған шетел студенттері бүгін дипломдарын алды.
1964 жылдан бастап 26 мыңнан астам студент шығарылды.
Медуниверситетте 64 кафедра, екі ғылыми-зерттеу институты, 17 зертхана бар.
Академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен оқытушыларға әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен клиникалары қолжетімді.
Университетте бір жарым мыңнан астам адам еңбек етеді және шамамен 10.000 студент оқиды, олардың арасында 20 жақын және алыс шетел өкілдері бар.
ЖОО - ның үш жүзден астам студенті еріктілер болып, стационарлардың қызыл аймақтарында, азаматтар көп жиналатын ең үлкен орындардағы жедел жәрдем станцияларында - әуежайлар мен вокзалдарда еңбек етті.
Бұл ретте ЖОО-ның 20 студенті пандемиямен күресте ерекше көзге түскен еліміздің Президентінің Жарлығымен бекітілген "Халық алғысы" мемлекеттік медалімен марапатталды.