
Қазақстанда Коронавирустық инфекциясын жұқтырған науқас тіркелген жоқ.
Мессенджерлерде "коронавирустық инфекция Қазақстанға да жетті" деген жалған ақпарат жүр. Мұндай дәлел-дәйексіз, шындыққа жанаспайтын ақпаратты одан әрі таратып, жұртты дүрліктірмеулеріңізді сұраймыз.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚХР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты осы аурудың алдын алу мақсатында елімізде оқу-жаттығулар өткізуде.
Атап айтқанда, әуежай, шекара және кеден қызметінің қызметкерлерімен, бортсеріктерімен, ұшу құрамымен, жолаушылар поездарының жолсеріктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, жаңа коронавирустық және басқа да инфекциялармен сырқаттанған күдікті науқастарды анықтау және күдікті науқасты инфекциялық стационарға тасымалдау оқу - жаттығу жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта оқу-жаттығулар Талдықорған және Алматы қалаларында жүргізілді, сондай-ақ, республиканың басқа да қалаларында оқу-жаттығулар жалғасатын болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды ұсынады:
Жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтел этикетін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет қолданылатын сулықтармен немесе орамалмен ауызды жабыңыз).
Аталған жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің жіті бақылауында екенін айта кету керек.