
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі
Сума Чакрабарти мырзамен мемлекеттік органның алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мәселелері бойынша кездесті.
Министр С.Чакрабартиге "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру туралы хабарлады. Ол жобаның негізгі бағыттарын еске салды:
- қолжетімді және сапалы медициналық көмек;
- эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру;
- отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары;
- салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.
Өз кезегінде, сэр Чакрабарти осы мүмкіндіктерді шолу бағдарламасын жүргізу Министрлік қызметкерлері қызметінің тиімділігін арттыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін өзекті екенін атап өтті.
Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде мүмкіндіктерді шолу бағдарламасын іске асыруда бірлескен серіктестік пен қолдауға мүдделілігін білдірді.