ҚР ДСМ БАСШЫСЫ БҰҰДБ ӨКІЛІМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР ДСМ БАСШЫСЫ БҰҰДБ ӨКІЛІМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (UNDP) Тұрақты өкілі міндетін атқарушы Виталий Времишпен кездесу өткізді.

Тараптар денсаулық сақтау саласындағы, атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін дәрілік препараттарды сатып алу жөніндегі ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, ЖҚТБ-ға, туберкулезге және безгекке қарсы күреске арналған Жаһандық қордың гранттарын орындауға қолдау көрсету мәселелері көтерілді.

ҚР ДСМ басшысы ҚР-дағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің м.а.-сын "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру туралы хабардар етті.

Кездесу соңында тараптар әріптестікті одан әрі жалғастыруға және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік пен қолдау білдірді.