
Қабылдауда медициналық көмек көрсету, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тегін емдеуге жатқызу және оңалту емі үшін порталға қою мәселелерін көтерген азаматтардың өтініштері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшысы жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бірқатар тиісті тапсырмалар берді. Айта кетер жайт, Жамбыл облысында азаматтарды қабылдаудан басқа Министр денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша халықпен бірқатар кездесулер өткізді. Азаматтар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне және оған жарналарды төлеуге, орфандық аурулар кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, ЭКҰ-ға квоталар бөлуге, медициналық көмекке қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар, министр тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу туралы сұрақтарға жауап берді.