
ҚР Денсаулық сақтау вице - министрі Вячеслав Дудник анестезилог-реаниматологтардың V конгресінің жұмысына қатысты.
В.Дудник Форумның маңызды міндеті анестезиология және реаниматология саласында заманауи технологияларды енгізу мәселелерін бірлесіп шешу, анестезиологиялық және реаниматологиялық қызметті дамыту бойынша сындарлы ұсыныстар әзірлеу екенін атап өтті.
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауда. Бүгінде 2020 жылғы "Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің талаптарын ескере отырып, анестезиология және реаниматология бойынша жаңа стандарт әзірленуде", - деп хабарлады вице-министр.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын орындау шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығының құрылысы жүргізілуде.
Құрылысты аяқтау 2023 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр. Орталық Республикадағы анестезиология және реаниматология қызметін үйлестіруді де жүзеге асыратын болады.
Өңірлер бойынша 45-тен 80% - ға дейін құрайтын анестезиолог-реаниматолог мамандардың тапшылығын жою мақсатында медициналық ЖОО резидентурада "Ересектер, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы" мамандығы бойынша даярлауды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта 821 адам оқытудан өтуде. 2022 жылы жоспарланған түлектер саны - 169 маман, 2023 жылы – 329 маман, 2024 жылы - 323 анестезиолог – дәрігер.
Сөз соңында вице-министр анестезиологтар мен реаниматологтардың V Конгресі сияқты іс-шаралар отандық медицина мен ғылымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.