
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласындағы бас редакторлармен және блогерлермен кездесті. Денсаулық сақтау министрімен бірге жиынға "ӘМСҚ" КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов та қатысты.
С. Д. Асфендияров атындағы медицина университетіне республикалық және алматылық жетекші БАҚ өкілдері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері, медиа саласындағы танымал тұлғалар жиналды.
Кездесуде Елжан Біртанов ғана сөйлеген жоқ, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы және МӘМС аясындағы өзекті мәселелерге қатысты еркін пікірталас болды.
Сессия "Медициналық сақтандыру: медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы" деген тақырыптан басталды. Министр журналистерге Қарағанды облысындағы МӘМС пилоттық жобасының нәтижесін жан-жақты түсіндірді, МӘМС және ТМККК жаңа пакеттері
бойынша басты міндеттер туралы айтты.
Қатысушыларға облыс тұрғындары арасында жүргізілген ауқымды скринингтерден алынған нақты кейстер көрсетілді, ол тұрақты профилактикалық тексеруден өтудің маңыздылығын көрсетеді.
Медицина саласындағы менеджерлер өз баяндамасында медицинаға қатысты жалған ақпараттар мен чаттан-чатқа тарайтын мифтер жайлы сөз қозғады, нақты дәлелдермен, егжей-тегжейлі талдады. Министр БАҚ өкілдері кез келген тексерілмеген ақпаратқа жауапкершілікпен қарайды деген сенім білдірді.

