Денсаулық сақтау министрі Алматы қаласындағы Медициналық жедел жәрдем станциясына барды

Денсаулық сақтау министрі Алматы қаласындағы Медициналық жедел жәрдем станциясына барды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  ҚР Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басшысы Біржан Оспанов, «ӘМСҚ» КЕАҚ Алматы қаласындағы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровпен  бірге Алматы қаласындағы Медициналық жедел жәрдем станциясының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы  жұмысымен танысты.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының м.а. Тілеухан Әбілдаев және «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалының Алматы қ. бойынша директоры Нұрлыбек Қабдыкапаров қалалық жедел жәрдем қызметінің жай-күйі және Алматы қ. бойынша ЖМКС көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Тілеухан Әбілдаевтің айтуынша, бүгінде станция халықтың күнделікті қоңырауына қызмет ететін  273 жедел медициналық жәрдем кабинетімен жабдықталған.

Барлық көлік GPS-навигациямен және қажетті жабдықтармен жабдықталған, нәтижесінде  өткен жылы 100 жуық реанимация сәтті жүргізілді. Жедел жәрдем бригадалары жаппай планшеттермен жабдықталған, бұл пациент туралы ақпаратты кез келген құжатты электрондық форматта енгізуге мүмкіндік береді,  уақытты үнемдейді және медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді.

"Жедел жәрдем көліктерінің тозуына байланысты, биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 59 МЖЖ карет сатып алу жоспарлануда, нәтижесінде санитарлық автокөлікпен 99% қамтамасыз етіледі",-деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел медициналық жәрдем станциясының ұжымымен кездесуде  Мемлекет басшысының міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру жөніндегі тапсырмасын нақты іске асыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Министр Алматы ДСБ басшысына өңірдің медициналық қызметкерлерінің жалақысын арттыру және халыққа білікті медициналық көмек көрсету үшін сапалы менеджментті ұйымдастыру мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

"Алматы ірі мегаполис және туристік қала. Сондықтан JCI халықаралық аккредитациядан өту және мамандарды BLS,  SLS халықаралық стандарттары бойынша оқыту мәселесін қарастыруды ұсынамын, бұл пациенттерге көмек көрсету қауіпсіздігін арттырады", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, министр өңірдегі медициналық ұйымдардың басшыларын аттестаттаудан өткізуді тапсырды.

Кездесу соңында министр МЖЖС медицина қызметкерлеріне адал еңбектері үшін  алғыс айтып, Алматының медициналық жедел жәрдемі кеезк күттірмейтін ең жақсы қызметке айналу керектігін және ол үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

 

 

Анықтама:

2019 жылдың қорытындысы бойынша Алматы медициналық жедел жәрдем қызметі 975 157 адамға қызмет көрсетті, оның ішінде 140 335 пациент ауруханаға жатқызылды. Қазір 103 бригадасының көмекке шақырған пациентке жету уақыты орташа 15,8 минут. Медициналық жедел жәрдем қызметінде маман жеткілікті, орталық  99,7 пайыз медициналық кадрмен жасақталған.  Алматы қаласының 103 қызметінде 1970 маман жұмыс істейді.