
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың клиникалық-диагностикалық орталығында Ашық есік күні өтеді
2022 жылдың 25 маусымында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың Клиникалық-диагностикалық орталығында ісік алды аурулары мен бүйрек обырын ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді.
Іс-шара ұйымдастырушы - Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы.
Келушілер Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың онкоурологтарынан тегін кеңес ала алады. 18 жастан асқан пациенттерді Көп бейінді хирургия орталығының онкоурология бөлімінің жетекші дәрігерлері қабылдайды.
Қабылдау күні өзіңізбен бірге жеке куәлік және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындысы болуы қажет.
Байланыс нөмірлері:
- онколог-маманға жазылу бойынша: 8(7172) 702 911, 702 900; WhatsApp: 8708 425 0711;
- БАҚ-ты аккредитациялау үшін: 8778 700 4324 – Алуа Жарылқасынқызы Мырзаханова, эл.пошта: a.myrzakhanova@list.ru.
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Керей және Жәнібек хандар көшесі, 3.