Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрлікте жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды. Министрлік аккредиттеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүргізеді.

Аккредиттеу алу үшін өтініш беруші Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және (немесе) ұйым мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші Министрлікке аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.

Министрлік аккредиттеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамына енгізіледі. Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелері кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама қорытындыларын ұсыну және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру құқығын алады.

Министрлікте аккредиттеуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілері және өзге де коммерциялық емес ұйымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша ұсынады.

Анықтама телефоны: 74-35-82.