
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен 2019-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының психикалық денсаулықты қорғау қызметін дамыту жөніндегі Жол картасын орындау бойынша есеп беру кеңесі өтті.
Кеңеске министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау басқармаларының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының психикалық денсаулық орталықтарының басшылары және «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының» бас директоры қатысты.
Психикалық денсаулық қызметінің алғашқы медициналық-санитарлық желімен интеграциясы, алкоголизм, нашақорлық және токсикомани дертіне шалдыққан науқастарды мәжбүрлеп емдеу мәселелері қаралды. Аурудың алдын алу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қосымша қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды ескере отырып дамытуға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі қаралған мәселелерді ескере отырып, 2019-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының психикалық денсаулығын қорғау қызметін дамыту жөніндегі жол картасын өзектендіру туралы тапсырма берді.

