Нұр-Сұлтанда ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі серіктестігінің нәтижесі талқыланды

Нұр-Сұлтанда ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі серіктестігінің нәтижесі талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында "Қазақстан ДДҰ-ы: бүгіннен болашаққа жетістіктері" атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шарада COVID-19 пандемиясы кезінде ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің жетістіктері туралы есеп және таяудағы екі жылға арналған мақсаттарды таныстыру талқыланды.

Отырысқа Денсаулық сақтау вице-министрі-ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қатысты.

Ол Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рөлін жоғары бағалайтынын және оны денсаулық сақтау саласындағы негізгі стратегиялық серіктестердің бірі деп санайтынын атап өтті.

"Соңғы жылдары COVID-19 пандемиясымен күресуге және  медициналық-санитарлық алғашқы көмекті күшейту жөніндегі бірлескен қызметке бағытталған ынтымақтастық аспектілері барынша белсенділікке ие болуда. Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық және техникалық қолдауы үшін алғыс білдіреді", — деді А.Есмағамбетова.

Ол отырысқа қатысушыларды "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт" ұлттық жобасының іске асырылуы туралы хабардар етті.

Денсаулық сақтау вице - министрі - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ұлттық жобаның негізгі бағыттары жаһандық және өңірлік деңгейдегі ДДҰ негізгі стратегиялық құжаттарының басымдықтарымен келісіліп отырғанын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық бюросы арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы екі жылдық келісімде айқындалған Қазақстан мен ДДҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттары ДДҰ-ның стратегиялық басымдықтарын да, Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы ұлттық саясатының негізгі бағыттарын да көрсетеді.

"Біз бір бағытта жылжып, өз күшімізбен халықтың денсаулығын қорғау және нығайту үшін бір-бірімізді қолдайтынымыз қуантады. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету үшін біз бастапқы медициналық-санитариялық көмектің маңыздылығын мойындаймыз және МСАК қызметтерін қаржыландыруды денсаулық сақтауға жұмсалатын барлық шығындардың 60% — ына дейін арттырамыз", - деп хабарлады А.Есмағамбетова.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі МСАК Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізудің маңызды құралы екенін атап өтті.

"COVID-19 пандемиясы бізге төтенше жағдайлар кезінде  медициналық-санитарлық алғашқы көмектің маңыздылығы туралы құнды сабақ берді. Денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту және  медициналық-санитарлық алғашқы көмек сияқты жаһандық денсаулық сақтау үшін маңызды екі терминнің байланысын назарға ала отырып, Қазақстан елдерді ағымдағы жылдың соңына дейін өтетін "МСАК: ДҚЖҚ қозғаушы күші" тақырыбындағы сайд-ивентке қатысуға шақырады", — деді А.Есмағамбетова.

Сонымен қатар, ол МСАК күшейтудің табысты мысалдарының бірі ретінде ДДҰ-ның МСАК жөніндегі демонстрациялық алаңы, Қазақстанда МСАК қызметтерін көрсету бойынша көпбейінді командалардың қызметін көрсететінін атады.

"Қазақстан БҰҰ жүйесіндегі жетекші ұйым ретінде ДДҰ-мен мен одан әрі тиімді және серпінді серіктестікке үлкен мән береді",-деп қорытындылады ҚР Денсаулық сақтау вице - министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Өз кезегінде ДДҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Каролин Кларинваль Денсаулық сақтау саласындағы кез келген дағдарысқа реакция жасау үшін әріптестердің қолдауы қажет екенін және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сенімі мен қатысуының арқасында ДДҰ COVID-19 өршуіне ден қою және тұрақты өзгерістерге ықпал ете отырып, Қазақстанды қолдау мүмкіндігі мен өкілеттігіне ие болғанын атап өтті.

"Біздің бірлескен жұмысымыз COVID-19 кезіндегі сын-қатерлерге жедел жауап дайындауға, қажетті білімді ең жоғары деңгейде бөлісуге мүмкіндік берді. Бүгінгі іс-шара ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінуге көмектесіп, қазақстандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қолдау көрсетеді", - деп атап өтті К.Кларинваль.