
20 аурухана мен перинаталдық орталықтардың УДЗ - мамандары "Пренаталдық диагностиканың таңдалған мәселелері" курсы бойынша оқудан өтті, бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Ақмола облыстық көп бейінді ауруханасын УДЗ-сараптамалық класс аппаратымен және 8 кардиомонитормен жабдықтау бойынша жобаның соңғы кезеңі болды.
Оқытуға дәрістер, онлайн симулятордағы тапсырмалар, үй тапсырмаларын орындау және міндетті қорытынды тестілеу кірді. Тәжірибелі оқытушы - жоғары санатты УДЗ тәжірибешісі-дәрігермен бірге мамандар жүкті пациенттерді ультрадыбыспен тексеріп, диагноз қою және құрсақішілік туа біткен ауытқуларды, деформациялар мен хромосомалық бұзылуларды анықтау практикасынан өтті.
Айта кетер жайт, медициналық мекемелерді сараптамалық кластағы УДЗ аппараттарымен қамтамасыз ету және туа біткен деформация аномалиялары мен хромосомалық бұзылуларды құрсақішілік анықтау бойынша дәрігерлерді оқыту - балалар мүгедектігін қысқарту мәселесін шешудегі Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі үшін басты басымдықтардың бірі.
Кардиомониторлармен бірге пренатальды скринингке арналған ультрадыбыстық жабдық және арнайы әзірленген біліктілікті арттыру бағдарламасы дәрігерлер мен болашақ ата-аналарға әлі туылмаған баланың денсаулығы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда түрлі аурулар бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны 98 000-нан асты. Сонымен қатар, деформацияның туа біткен ауытқулары және хромосомалық бұзылулар, сондай-ақ жүктілік пен босанудың асқынулары сияқты екі негізгі басым себеп бар.