Қазақстанда жыл сайын пациенттерге 400 000-нан астам доза қан құйылады

Қазақстанда жыл сайын пациенттерге 400 000-нан астам доза қан құйылады

ҚР ДСМ-нің "Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК-ның Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Қазақстанда жыл сайын пациенттерге 400 000-нан астам доза қан құйылатынын хабарлады.

"Қазақстанда жыл сайын пациенттерге 400 000-нан астам доза немесе күніне 1 мыңнан астам доза қан құйылады. Ол үшін қан орталықтарына күн сайын мыңдаған еріктілер келеді", - деді ол Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған брифингте.

Сонымен қатар, ол ауыр созылмалы аурулары болмауы тиіс ҚР кез келген кәмелетке толған азаматы донор бола алатынын атап өтті. Қан тапсыру алдында донордың денсаулығын қан орталығының дәрігері қосымша бағалайды, сондай-ақ донордың қанына зертханалық тестілеу жүргізіледі.

"Қауіпсіз қан құюды қажет ететіндердің барлығына қол жетімді болуы үшін барлық елдерде ерікті, ақысыз және үнемі қан тапсыруға дайын донорлар болуы керек. Халықтың кеңінен және белсенді қатысуын қамтамасыз ететін қан донорлығының тиімді бағдарламасының болуы бейбіт уақытта да, сондай - ақ төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалар кезеңінде де, қанға қажеттілік күрт өсетін немесе қан қызметтерінің қалыпты жұмыс режимі бұзылған кезде де қажетті қан құюды уақтылы орындауға мүмкіндік береді", - деді Дулат Имашпаев.

Ол қан тапсыру актісі қоғамдағы байланыстарды дамытуға және әлеуметтік келісімді нығайтуға көмектесетінін атап өтті.