ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ресейдегі/ТМД-дағы General Electric вице-президенті Дмитрий Занчевпен және Ресейдегі/ТМД-дағы General Electric мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі директор Алексей Боревпен кездесу өткізді.
Тараптар денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады.
А.Ғиният компания өкілдерін "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру туралы хабардар етті.
ҚР ДСМ басшысы Қазақстан General Electric компаниясын Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы перспективалы бағыттар бойынша, атап айтқанда Қазақстан аумағында GE жоғары технологиялық медициналық жабдықтар өндірісін оқшаулау бойынша; ҚР медициналық мекемелерін жарақтандыру бағдарламаларына GE медициналық жабдықтарының қатысуы бойынша, сондай-ақ цифрлық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша әріптестікті жандандыруға өзара қызығушылық білдірді.
Кездесу соңында ҚР ДСМ басшысы мен General Electric өкілдері
қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы серіктестік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
2018 жылғы қарашада General Electric Healthcare мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі цифрлық денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Анықтама: General Electric Healthcare медициналық жабдықтар мен цифрлық шешімдердің әлемдік жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады, шығарылатын жабдықтар желісі медициналық мекемелердің заманауи медициналық техникаға деген қажеттілігінің 70% - на дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.