
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті медициналық қызметті жүзеге асырудың заңдылығы туралы ескертті. Барлық қажетті құжаттары бар заңды қызметті жүзеге асыратынына көз жеткізгеннен кейін клиникаға жүгінуге кеңес береміз. Сіз меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қандай да бір медициналық дәрігеріне жүгінбес бұрын қызметтің осы түріне лицензияның бар-жоғын және дәрігердің (орта медициналық персоналдың) сертификатының бар-жоғын сұраңыз. Медициналық қызметті денсаулық сақтау ұйымдары меншік нысанына қарамастан, тиісті лицензиясы (лицензияға қосымшасы) болған жағдайда заңды негіздерде көрсетулері тиіс. Денсаулық сақтау ұйымдарында лицензияның болуы ұйымның денсаулық сақтау саласындағы нормаларға, оның ішінде санитарлық талаптарға сәйкестігін куәландырады. Медициналық қызмет кіші түрлер (амбулаторлық/стационарлық/стационарды алмастыратын, диагностика), жас топтары (ересектер/балалар) және мамандықтар (хирургия, стоматология және т.б.) бөлінісінде лицензияланады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығымен медициналық қызметтің лицензияланатын түрлеріне біліктілік талаптары бекітілді. Барлық денсаулық сақтау субъектілері біліктілік талаптарға сай болуы тиіс. Пациенттер үшін клиниканы таңдау критерийлерінің бірі денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы лицензияның және басқа да рұқсат құжаттарының болуы, мысалы, емдеуші дәрігердің немесе мейірбикенің сертификаты болуы тиіс. Пациент клиниканың денсаулық сақтау саласындағы заңнама нормаларына сәйкес екендігіне көз жеткізіп, сапалы емделуге сене алады. Заңнаманың барлық талаптарын адал орындайтын ұйым сапалы медициналық қызметтерді алудың кепілі болып табылады. Соннымен бірге, лицензиямен қатар, медициналық қызметкерлердің 5 жыл мерзімге берілетін маман сертификатының болуы қажет. Медициналық қызметкерлер, яғни дәрігерлер де, орта медициналық қызметкерлер де әр бес жыл сайын өз біліктіліктерін арттырып, медицинадағы жаңа технологияларды зерделелері тиіс. Медициналық қызметкерлер медициналық қызметті қолданыстағы маман сертификатынсыз жүзеге асыруға құқығы жоқ. Ұйымның басшысы (жұмыс беруші) маманды жұмысқа тиісті сертификатынсыз жол бермеуге тиісті. Лицензиялау және сертификаттау нормалары бұзылған жағдайда заңнамада әкімшілік ықпал ету және тиісінше айыппұл және лицензияның қолданылуын тоқтату түрінде өндіріп алу шаралары көзделген. Заңсыз медициналық қызмет үшін дәрігермен қатар ұйым басшысы жауапты болады. Лицензия мен маман сертификатының болуы туралы ақпаратты «Е-лицензиялау» веб-порталында (e.license) «Рұқсат беру құжаттарын іздеу» қойындысында жалпы қатынаудан көруге болады. Сондай-ақ, пациент жеке қабылдау кезінде барлық рұқсат беру құжаттарын сұратуға құқылы, ал ұйым ұсынуға міндетті. Бүгінгі күні, лицензияларды өңірлерде – республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары береді. Лицензия берудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету мақсатында, Министрлік медициналық қызметті лицензиялау жөніндегі қызметтерді орталықтандыру бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті лицензиар органы деп шешім қабылданды. Сондай-ақ, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасына жалпы қолжетімді жерлерде емдеуші дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың сертификатары мен медициналық ұйым лицензиясының болуы туралы ақпаратты міндетті түрде орналастыру туралы норма ұсынылды.