
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Шанхай ынтымақтастық ұйымының Дәстүрлі медицина бойынша "Дәстүрлі медицинаны заманауи денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялау" тақырыбындағы форумына қатысуда.
Іс-шарада сөз сөйлеген М.Шоранов "диагностика, емдеу және оңалтудың тиімді әдістерін іздеу зертханалар мен медициналық ұйымдардың қабырғаларымен шектелмей, барлық бағыттар бойынша жүргізілуі тиіс" деп атап өтті.
"Қазіргі заманғы медицина қарқынды дамып келе жатқан ғылымдардың бірі. Алайда, кейде шешу жолдарын біз болашақ технологиялар мен химия, инженерия, информатика табыстарынан ғана емес, өткен медицинадан да табамыз. Бүгінгі таңда акупунктура, гирудотерапия, дәрілік өсімдіктер мен минералды заттарды қолданудың тиімділігі ешкімде күмән тудырмайды", - деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.
Сонымен бірге, ол дәстүрлі медицина денсаулық сақтау жүйесінің маңызды және жиі бағаланбайтын бөлігі екенін, оны ұзақ уақыт бойы қолданылған диагностика мен емдеудің тиімді әдістерін елемей зерттеу мүмкін емес екенін атап өтті.
М.Шоранов интеграция адам қызметінің салалары мен жекелеген бағыттарын кез келген деңгейде тиімді дамытудың маңызды және қажетті шарты болып табылады деген пікір білдірді.
"Ғылым мен практиканы, дәстүрлер мен жаңалықтарды біріктіре отырып, заманауи және дәстүрлі әдістерді біріктіре отырып, біз жасампаздық пен басты құндылық – халқымыздың денсаулығын қорғау жолымен жүруіміз керек", - деп қорытындылады ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.
ШЫҰ-ның Дәстүрлі медицина жөніндегі форумы дәстүрлі медицина саласындағы бірегей жаңа практикалар мен ғылыми зерттеулер туралы ақпарат алмасуға арналған алаң екенін, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің Бесінші Кеңесі шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың бір бөлігі екенін атап өткен жөн.
Гибридті форматтағы іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері, ғылыми топтардың өкілдері, қазіргі заманғы және дәстүрлі медицина, реабилитология, фармацевтика және эксперименттік медицина саласындағы жетекші мамандар қатысады.