Елжан Біртанов: «Біздің басты мақсатымыз – адамдардың денсаулығы»

Елжан Біртанов: «Біздің басты мақсатымыз – адамдардың денсаулығы»

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласындағы жеке меншік медициналық орталықтарға барды.

Елжан Біртанов бірінші Нұр-Сұлтандағы МӘМС аясында балаларға тегін консультациялық қызмет көрсететін жеке меншік оңалту орталығын аралады.

Орталықта процедураларға қажетті барлық жағдай жасалған, соның ішінде массаж кабинеті, ЕДШ, физиоемдеу, тұзды шахта, емшара кабинеті және т. б.

Орталық БЦП, энцефалопатиясы және жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы патологиялары бар балаларға медициналық көмек көрсетуге бағытталғанын атап өту қажет. Жылына 700-ден астам бала оңалтудан өтеді.

Сондай-ақ,  министр жеке меншік медициналық орталықтарды қолдайтынын жеткізді және клиникалар инновациялық технологияларды енгізіп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында емдеу стандарттарын сақтауы тиіс екенін атап өтті.

 Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы "Салауатты Астана" отбасылық-дәрігерлік амбулаториясына да барды.

Министр жүздесу кезінде пациенттерден тіркелген жері бойынша қандай тегін дәрі-дәрмек алғандарын, жалпы практика дәрігерінің бақылауымен созылмалы ауруы бар науқастардың жағдайын  жақсартуға мүмкіндік беретін ауруларды басқару бағдарламасына қатысқандары жайлы сұрады.

Науқастардың бірі министрдің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі сұрағына жауап бере отырып, диабетпен ауыратындар рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек  алатынын айтты. Сонымен қатар, оның жұбайының айтуынша, бұл пациент жақында инсульт алған, енді олар осы ауру бойынша есепке тұруы тиіс.

Өз кезегінде министр тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінде артериялық гипертензиядан дәрі-дәрмектер қарастырылғанын, сондай-ақ оны әрбір науқас өз учаскесінде еш кедергісіз ала алатынын айтты.

            Егер  зейнеткер болсаңыз, осы жылдың басынан, сіз мемлекет есебінен МӘМС жүйесінде сақтандырылған адам ретінде қосымша медициналық қызметтерді пайдалана аласыз және инсульттан кейін  медициналық оңалтудан өтесіз", - деп түсіндірді Елжан Біртанов отбасылық амбулаторияның емделушісімен әңгімелесу барысында.

            Министр  мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жеке меншік клиникалардың көп екенін және дәрігерлік көмекті қадамдық қол жетімді ету шараларының арқасында емделушілер тіпті меншік нысандары арасындағы айырмашылықты байқамайды деп атап өтті.

            "Салауатты Астана" ЖШС 2012 жылы денсаулық сақтау жүйесінде  МСАК аясында жұмыс істеуге арналған кәсіпорын ретінде құрылды. Осы уақыт ішінде қала маңындағы тұрғын үй массивіндегі шағын отбасылық амбулаториядан бастап консультациялық-диагностикалық қызмет және жеке "Жедел жәрдем" қызметі бар амбулаториялық желіге айналды.

            Негізгі қызмет түрі: амбулаториялық-емханалық көмек

Жобаның мақсаты: медициналық-санитарлық алғашқы көмектің қадамдық қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету; медициналық қызметтер сервисін жоғары деңгейге жеткізу.

            Директордың айтуынша, емханада жалпы практика дәрігері, кардиолог, акушер-гинеколог, балалар невропатолог, эпилептолог, уролог, эндокринолог, педиатр және УДЗ мамандары қызмет көрсетеді. Функционалдық диагностикадан ЭЭГ және ЭКГ бар. Алайда, тіркелген адам саны жеткіліксіз. Елжан Біртанов барлық нормативтерге сәйкес "Гранд Астана"тұрғын үй кешенінің тұрғындарына қызмет көрсетуді бастауды тапсырды.

 

Денсаулық сақтау министрі "Шипагер"  емханасындағы пациенттер үшін жасалған жағдаймен танысып, МӘМС аясындағы жаңа мүмкіндіктер туралы әрбір пациентке түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

Емхана директорының айтуынша, бүгінгі таңда медициналық ұйымға 60 мыңға жуық азамат тіркелген. Осы жылдан бастап "Шипагер" емханасында бекітілген тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакеті шеңберінде ғана емес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмек көрсетіледі.

"1 сәуірге дейін азаматтардың барлығы шартты сақтандырылған деп есептеледі,біз ешкімге көмек беруден бас тартпаймыз. Егер консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу үшін көрсеткіштер болса, учаскелік дәрігер өзі пациентті бейіеді маманға қабылдауға жазады. Бізде барлық  бейінді мамандар бар, негізгі манипуляцияларды біз де  жасаймыз", - деді Дархан Нұрлыбеков.

Медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында, медициналық ұйымды қаржыландыру 45%  өсті. Дәрігерлер штаты кеңейтіліп, тіпті жеке жедел жәрдем бөлімшесі ашылды. Бұрын қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына қосалқы мердігерлік бойынша 4 санатты шұғыл шақыруларға қызмет көрсетуге тура келді, қазір емхана оны өз бетінше орындайды.

            Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аталған бөлімшені құрудың маңызды екенін ескерді, алайда, мұндай шақыртулардың аз болғаны дұрыс деді.

            "Пациенттеріңізді сырқаты асқынып, гипертониялық кризисі бар ауруханаға айналдырмау  сіздердің міндеттеріңіз. Жалпы практика дәрігерлерінің жұмысын күшейту қажет. Оо үшін біз сіздерге ақша төлейміз, консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды ұлғайтамыз. Біздің міндетіміз - ақша жұмсау ғана емес, басты мақсатымыз – адамдардың денсаулығы. Бұл ақшаны дұрыс пайдалануға тырысыңыздар", - деді  министр.

Медициналық ұйыммен танысу барысында Е. Біртанов емхана басшылығына электрондық цифрлық кезек құру, медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу функциясы бар терминалдар орнату және қағаз құжат айналымынан түпкілікті жою сияқты бірқатар тапсырмалар берді.

Министр барған стратегиялық маңызды тағы бір республикалық диагностикалық орталыққа барды, онда барлық диагностикалық медициналық жабдықтар бар және барлық диагностика жүргізіледі, оның ішінде магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография, екі фотонды эмиссиялық томография бар. Осы тексерулердің барлығы пациенттерге айғақтары бойынша және дәрігердің жолдамасы бойынша медициналық көмектің екі пакетінде – ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі.