
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының медициналық ұйымдарында 34 пациент, оның ішінде 7 бала бар.
Медициналық ұйымдардың реанимация бөлімшесінде 2 пациент емделуде (Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасында 1 пациент, Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында 1 пациент).
Барлық зардап шеккен, оның ішінде оңтүстік астанада реанимацияда жатқан пациенттердің жағдайы тұрақты, динамикада жақсаруы байқалады.
Әуе апатынан зардап шеккен үш адам санитариялық авиация арқылы одан әрі емделу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ҒЗИ-ға тасымалданды.
Жалпы дәрігерлер 23 операция жасады. Барлық жасалған операциялар сәтті өтті.
Балаларға арналған жедел медициналық көмек көрсету орталығының травматологтары екі балаға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, кесусіз операция жасады, атап айтқанда, «Оң сан сүйегінің иілгіш өзегінің остеосинтезі».
Мұндай операцияның артықшылығы - оның ең аз жарақаттануы және операциялық емдедуден кейін бірнеше күннен соң сынған аяқ-қолға күш салуға болады.
Әуе апатында зардап шеккендерге қажетті емдеу көрсетіліп жатқанын айта кету қажет.
Республикалық ҒЗИ мен орталықтардың үздік мамандары тартылды.