
Бүгін, 2 қазанда Алматы қаласында Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінде вирустық гепатитті элиминациялау бойынша Өңірлік кеңес өткізеді. Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен ұйымдастырылған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова өз баяндамасында вирустық гепатит АИТВ немесе туберкулез сияқты халықаралық ауқымда қауіпті екенін айтты. Өлім деңгейі бойынша гепатит туберкулезден кейін 2 орында тұр, ал жұқтырғандар саны АИТВ шалдыққандардан 9 есе көп. Оның айтуынша, әлемде 325 млн адам В және С гепатитін жұқтырған, жыл сайын 1,4 млн адам қайтыс болады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы медицинаның В гепатитінің алдын алып, емдеуге, ал С гепатитін - толық емдеуге мүмкіндігі бар.
- Жаһандық денсаулық сақтау секторы 2030 жылға қарай вирустық гепатиттің Қоғамдық денсаулық сақтауға қауіптілігін мүлдем жоюға шақырады (жаңа инфекцияларды 90% және өлім-жітімді 65% қысқаруы). Сондай-ақ, ДДСҰ барлық әріптестерді вирусты гепатиттердің элиминациясына ресурстар салуды қолдауға кеңес берді. Вирусты гепатит -ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің бірі. Қазақстанда В вирустық гепатитіне қарсы жоспарлы иммундаудың арқасында соңғы 20 жылда жіті В вирустық гепатитіне шалдыққандардың саны 59,8 есеге төмендегені байқалады, - деді А. Есмағамбетова.
Сонымен қатар, департамент директоры айтып өткендей, вирустық гепатиттің созылмалы түрлерінің өсуі алаңдаушылық тудырды. Қазақстанда жыл сайын алғаш рет анықталған созылмалы вирустық гепатиттердің 6 мыңнан астам жағдайы тіркеледі. Оның ішінде созылмалы вирустық В гепатитінің үлесіне 48%, созылмалы вирустық С гепатиті 52% құрайды. Бұл ретте вирусты гепатиттердің созылмалы түрлерімен шамамен 87% 30-дан 60 жасқа дейінгі адамдар шалдығады.
Қазақстанда ауру деңгейін төмендету үшін 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда, оған сәйкес парентеральды вирустық гепатиттердің алдын алу, диагностикалау, емдеу бойынша шаралар қабылданады. Вирустық гепатиттерді зертханалық диагностикалауға ерекше көңіл бөлінеді: ұлттық деңгейде парентеральды вирустық гепатиттер бойынша Референс-зертхана анықталды, вирустық гепатиттер бойынша сапаны сырттай бағалаудың бірыңғай ұлттық бағдарламасы құрылды.
А. Есмағамбетова атап өткендей, Қазақстанда В және С вирустық гепатиттерін анықтау үшін алдын ала тексеру көптеген жылдар бойы халықтың декреттелген топтары арасында жүргізіледі. Бүгін министрлік осы бағдарламаны бір құжатқа (НҚА) біріктіру және скринингтік бағдарламаның тиімділігін бақылау мен мониторинг жүргізу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.
Сондай-ақ, 2011 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде гепатокабинеттер мен гепатоорталықтар құрылып, жұмыс істеуде. Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастардың вирусқа қарсы препараттарға қол жеткізуі қамтамасыз етілген. 2011 жылдан бастап С гепатиті бар 7 мыңнан астам науқас интерферон режимінде вирусқа қарсы ем алды. 2016 жылдан бастап ТМККК шеңберінде пациенттер тиімділігі 95-100% вирусқа қарсы препараттармен ем қабылдай бастады. Бугінде 14 мыңға жуық адам вирусқа қарсы тегін терапиямен қамтамасыз етілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бойынша және ЮНИСЕФ балалар қоры арқылы вирусқа қарсы препараттарды сатып алуы вирусқа қарсы терапия алатын пациенттердің санын арттыруға мүмкіндік берді. Вирусты гепатиті бар пациенттердің электрондық базаларын жетілдіру және интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Вирусты гепатит бойынша Денсаулық сақтау секторының жаһандық стратегиясы шеңберінде бірқатар шараларды іске асырылуда - бұл вирусты гепатиттерді зертханалық диагностикалауды жетілдіру және гепатиттер бойынша ұлттық референс зертханалардың жұмыс істеуі, вирусты гепатиттер бойынша сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық бағдарламасын іске асыру; бұрын анықтауға және емдеуге арналған скринингтің қолданыстағы бағдарламаларын жетілдіру; вирусқа қарсы препараттарға қолжетімділікті арттыру; ТМККК-ге С вирусты гепатиті бар пациенттерді қайта емдеу; медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру; В вирустық гепатитінің перинаталдық берілуінің ерекше алдын алуды жүргізу; кадрлық әлеуетті күшейту.
Сөз соңында департамент директоры вирустық гепатиттерін жұқтырғандардың проблемасын шешу үшін Орталық Азияда науқастардың саны мен элиминацияны төмендету бойынша жауапты шаралар қолдану керектігін айтты.
- Осы кеңес аясында гепатитке көп көңіл бөлу үшін медициналық көмек көрсетудің жеңілдетілген модельдері арқылы қажетті стратегияларға қатысты диалог жүргіземіз, - деді ол.
Анықтама:
Жыл сайын В және С гепатитін жұқтырған 200-300-ге жуық физикалық белсенді және жұмысқа қабілетті адам цирроз немесе бауыр обырына шалдығуы қауіпті бар.
