Қазақстан мен Тәжікстан медицинаны цифрландыру саласында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты

Қазақстан мен Тәжікстан медицинаны цифрландыру саласында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты

2019 жылдың 1-5 қазан аралығында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бастаған  делегация Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  шақыруымен Душанбе қаласына барды. Қазақстандық делегация Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Олизода Насим Ходжаның төрағалығымен ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.

Жиынға Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Мирхамуддин Камолзод, Реформалар, медициналық-санитарлық алғашқы көмек және халықаралық қатынастар басқармасы Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, "Сифат Иннотех Инвест" директоры Манижа Мухаммад және Қазақстаннан келген қонақтар қатысты.

"Сифат Иннотех Инвест" командасы өз жұмыстарын және бағдарламаларымен таныстырды.  Олжас Әбішевтың пікірінше, Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігімен  бірге  жұмыс істеу үшін  денсаулық сақтау саласын жақсы білетін, сондай-ақ  ІТ инфрақұрылымын түсінетін менеджерлер қажет. "Цифрландыру - бұл ескі әдісті жойып және оны жеңілдетілген сандық үлгіге ауыстыратын процесс. Ол үшін программистермен тығыз жұмыс істейтін және оларға нақты техникалық тапсырмалар беретін денсаулық сақтау саласының менеджерлері қажет",- деді Олжас Әбішев.

Іссапар аясында Олжас Әбішев Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрімен жеке кездесу өткізді және ТР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камолзод Мирхомуддинмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл мемлекетаралық ынтымақтастық пен технологиялар трансферті бойынша жоспар құруға мүмкіндік береді және Тәжікстан Республикасы Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің электрондық үкімет тұжырымдамасын іске асыруға , денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялауды дамытуға көмектеседі,  халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартады, сондай-ақ барлық денсаулық сақтау секторындағы  шығындарды азайтады.

АНЫҚТАМА:

Денсаулық сақтаудағы цифрлық технологияларды дамыту 2018 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры және Қазақстан Үкіметі қабылдаған Астана декларациясын имплементациялаудың баст төрт құралының бірі.  Астана декларациясында  ДДСҰ-ға мүше барлық мемлекеттер медициналық-санитарлық алғашқы  көмекті (МСАК) күшейту және цифрландыру бойынша міндеттеме  алды, табысқа жету үшін МСАК-ті нығайту қажет деп келісті. Цифрландыруды дамыту пациенттерге қызмет көрсету сапасын және қауіпсіздігін арттыру, медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі мен үйлестіруді жақсартуды қамтамасыз етеді, пациенттерге медициналық қызметтерді жоспарлауға қатысуға мүмкіндік береді.