
Съезді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ашты. Министр жиынның табысты өтуіне атсалысқан делегаттарға алғыс білдірді.
"Ортопедия және травматология саласында науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қарқынды дамып келе жатқан сала. Ел азаматтарының өмір сапасын жақсарту үшін инновациялық технологиялар өте маңызды. Съезд отандық травматология мен ортопедиядағы ғылыми және практикалық мәселелерді талқылап, осы саладағы жетекші мамандардың соңғы трендтерін меңгеруге мүмкіндік береді", - деді Елжан Біртанов.
Жиында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығының президенті Нұрлан Батпенов та сөз сөйледі.
"Съездің негізгі міндеті – мамандардың кәсіби деңгейін көтеру және Қазақстанның аймақтары мен облыстардағы ортопедиялық–травматологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру, жақын және алыс шетелдердегі әріптестермен тәжірибе алмасу, халықаралық кәсіби қауымдастықтар ұсынған стандарттарға сәйкес диагностикалық және емдеу қызметін одан әрі дамыту және кеңейту», - деді Батпенов.
Съездің ғылыми бағдарламасы:
1. Травматологиялық-ортопедиялық диагноз қойылған пациенттерге медициналық көмек көрсету (ортопедиялық-травматологиялық көмекті ұйымдастыру, денсаулық сақтауды цифрландыру, ақпараттық технологиялар).
2. Сүйек пен буынның зақымдануын емдеудегі инновациялық технологиялар (политравма, буындардың артроскопиясы және имплантациясы, спондиллодез, блоктаушы остеосинтез және жасушалық технологиялар).
3. Остеологиядағы сәулелік диагностика.
4. Балалар травматологиясы мен ортопедиясының өзекті мәселелері.
5. Қазіргі заманғы медициналық оңалту.
6. Ортопедиялық-травматологиялық науқастарды емдеудегі қателіктер мен асықынулар.

