Астана медицина университетіне 55 жыл!

Астана медицина университетіне 55 жыл!

Оқу орнының мерейтойына орай  "Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі"» атты ғылыми-практикалық  конференция өтті.

Шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары, Денсаулық сақтау басқармаларының, ұлттық ғылыми-зерттеу және медициналық орталықтардың өкілдері  қатысты.  

Жиынды ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов салтанатты түрде ашты және  барлық қонақтарды мерейтоймен құттықтап, өз сөзінде: "Бүгінде отандық медицина даму кезеңін бастан кешуде, ал оның драйвері медициналық университеттер, себебі,  медицина зияткерлік сала . Астана медицина университеті де адамның өмір сүру сапасын, ұзақ өмір сүру және зор денсаулықты қамтамасыз ету мақсатында, әр азаматтың мүддесі үшін дамитын болады".

Сондай-ақ, министр денсаулық сақтау саласын  реформалаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленгенін  айтты. Даму медициналық сақтандыру жүйесінен  басталады. Медицинадағы басты тұлға - дәрігерлер, сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"  ҚР Кодексінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесіне ерекше мән берілді. Осы бағытта  даму үшін ғалымдар, оқытушылар, тәлімгерлер еңбек ететін медициналық университеттердің рөлі зор.

Сөз соңында Елжан Біртанов университеттің барлық ұжымына шығармашылық табыс, студент тәрбиелеу мен оқытудағы ерен  еңбектеріне жаңашылдық тіледі.