Қазақстандық дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық әдісін үйрену үшін еуропалық жетекші компанияларда тәжірибе алмасады

Қазақстандық дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеудің инновациялық әдісін үйрену үшін еуропалық жетекші компанияларда тәжірибе алмасады

Қазақстан  Мерк Биофарма және "Ацино" фирмасының өкілдерімен  ұзақ мерзімді үшжақты меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне  ҚРДенсаулық сақтау министрлігі атынан министр Елжан Біртанов пен Мерк Биофарма компаниясының ТМД елдері бойынша директоры Роджер Элиа, сондай-ақ  "Ацино Каз" ЖШС ("Ацино" компаниялар тобы) Бас директоры Людмила Жангельдина қатысты.

Меморандум үш блок бойынша стратегиялық дамуға бағытталған - бұл денсаулық сақтау мамандарын оқыту, диагностиканың соңғы  тәсілдерін қолдану, пациенттерді заманауи және оңтайлы емдеу. Меморандум аясындағы  ынтымақтастық ерте диагностика және онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу арқылы онкологиялық ауруларға шалдыққан  науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көздейді.

Е. Біртанов атап өткендей, Қазақстанның  Денсаулық сақтау министрлігі қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің халықаралық, ұлттық стандарттарын қамтамасыз ету және сақтау, ісіктерді диагностикалау мен емдеудің инновациялық тәсілдерін енгізу, сондай-ақ дәрігерлер мен онкологиялық қызметтің басқа да қызметкерлері арасында ісіктерді диагностикалау мен емдеуде синергияны қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

- Қазақстанда жыл сайын онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар саны артып отыр. 2018 жылы 36,5 мыңнан астам жағдай анықталды. Қазақстан обыр ауруына шалдыққандар саны бойныша  50 елдің қатарына кіреді. Сондықтан да кадрлық әлеуетті дамыту және онкологияға қатысты өзекті мәселелердің  жаңа  шешімдерін іздеу - біз үшін маңызды. Мысалы, денсаулық сақтау мамандарына диагностика, емдеу және аурудың алдын алу бойынша білімі мен дағдыларын арттыру мақсатында ақпарат, дәрігерлердің зерттеу нәтижелерін беру керек, - деді министр. Бірінші кезекте бұл МСАК дәрігерлеріне қатысты.

Р. Элиа болса, Мерк Биофарма компаниясы онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бастамаларды қолдайтынын айтты.

- Келісімнің  шарттарына сәйкес, тараптар ғылыми қоғамдастықты, жаңа проблемалармен айналысатын денсаулық сақтау мамандарын және осы патологиядан зардап шегетін пациенттерді біріктіруге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Болашақта ынтымақтастық тек онкология саласына ғана емес, сондай-ақ іргелі және клиникалық медицинаның басқа бағыттарында да дамиды, - деді ол.

"Ацино Каз" ЖШС Бас директоры Л. Жангельдина меморандумға қол қою медициналық көмек көрсетуді жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

- Меморанду - бұл онкологияға шалдыққан  науқастарды  оқыту әдістерін жетілдіру, сондай-ақ оқытудың инновациялық тәсілдерін  енгізу арқылы медициналық көмекті дамыту, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мамандарының тәжірибелік дағдыларды  меңгеруге арналған өте маңызды және стратегиялық қадам", - деп түсіндірді ол.

 

АНЫҚТАМА:

Мерк Биофрам компаниясы (Германия) денсаулық сақтау, лайф сайнс және жоғары технологиялық материалдар саласындағы жетекші ғылыми-технологиялық компания. Күн сайын әлемнің 66 елінде компанияның 56 мыңға жуық қызметкері миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамның тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған технологияларды әзірлейді. Компания геномдық редакциялау технологиясын алға тартады, ең күрделі ауруларды емдеудің бірегей тәсілдерін ашып, жоғары технологиялық құрылғылар жасайды.

"Ацино" (Швейцария) - бұл 170 жылдан астам жоғары сапалы генерикалық және инновациялық дәрілік заттарды әзірлеуге және өндіруге маманданған, өз өнімдерін әлемнің 80-нен астам еліне тарататын Халықаралық фармацевтикалық компания. Бүгінгі таңда компанияда  1900-ге жуық жоғары білікті қызметкер еңбек  етеді. Фармацевтикалық компаниялардың әлемдік серіктесі ретінде, «Ационо» дайын өнімдерін жеткізеді және препараттарды әзірлеу мен тіркеуден бастап келісімшарттық өндіріске, буып-түю мен логистикаға дейін дайын шешімдерді ұсынады.