ҚР Парламенті Мәжілісінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жаңа жобасы ұсынылды

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жаңа жобасы ұсынылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісінде  "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің жаңа жобасын, сондай-ақ,  "Денсаулық сақтау мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасын таныстырды. 

Жаңа Кодекс пен түзетулер Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР Президентінің «Сабақтастық. Әділдік. Прогресс» атты  сайлауалды бағдарламасын және Үкіметтің 2019 жылға  арналған  заң жобалары бойынша  жоспарын орындау мақсатында әзірленді.

Кодекс жобасы 6 негізгі бағыттан тұрады  - бұл қоғамдық денсаулық, медициналық көмек, білім және ғылым, фармацевтикалық қызмет, кадрлық саясат және цифрлық денсаулық сақтау. Құжатта  ұқсас заң актілері  біріктіріліп, 350-ден 210 дейін қысқарған.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов атап өткендей, Кодекс қоғамда  кеңінен талқыланды: 6  рет  ашық талқылауға салынды  және "NurOtan" партиясы мен "Атамекен" ҰКП алаңында, сондай-ақ өңірлерде көшпелі семинарлар мен дөңгелек үстелдер өтті. Арнайы пошта мен әлеуметтік желілерге азаматтардан 3 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығын жұмыс тобы  қарады.

Ведомство басшысы Кодекстің әрбір жаңа бағытын егжей-тегжейлі баяндады. Қоғамдық денсаулыққа келер болсақ, мұнда халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған нормалар бар. Психикалық денсаулықты қорғау, психобелсенді заттар, құмар ойынға салыну  салдарынан болатын  суицидтің және тәуелділіктің алдын алу жөніндегі нормалар регламенттелді; білім беру және түсіндіру іс-шараларын жүргізе отырып, тәрбиеленушілер мен оқушылардың денсаулығын сақтауға ата-аналар мен педагогтарды тарту жөніндегі нормалар; жасөспірімдер мен жастарға құпия кешенді көмек беру жөніндегі нормалар. 

Сондай-ақ, аурудың алдын алуға бағытталған жаңа ережелер енгізілген. Атап айтқанда, азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілгі бойынша, оның ішінде скринингтен міндетті түрде өтуі және профилактикалық вакцина салдыру  бойынша; қоршаған ортаның халықтың денсаулығына, оның ішінде шу мен атмосфералық ауаның әсерін реттеу бойынша; вакцина салдырмаған балаларды мектепке дейінгі мекемелерге жіберуді шектеу.

Азаматтардың, жұмыс берушілер мен мемлекеттің қоғамдық денсаулықты сақтауға, инфекциялық емес және жұқпалы аурулардың алдын алуға ортақ жауапкершілігі күшейеді. Бұл бөлімде ведомствоаралық өзара іс-қимыл нақтыланды; скринингтен  өту үшін міндетті әлеуметтік демалыс беру; жүргізуші куәлігін алар кезде алғашқы көмек дағдыларын міндетті түрде оқыту регламенттелді.

Білім беру қызметін жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының талаптарына сәйкес білім алушыларды және түлектердің кәсіптік даярлығын үздіксіз интеграцияланған білім беру және тәуелсіз бағалау моделін енгізу көзделеді. Сондай-ақ,  ғылыми қызметті жетілдіруге бағытталған нормалар бар. 

Фармацевтикалық қызметті жетілдіру үшін қосымша ақы төлеу тәртібін нақтылау; фармацевтикалық инспекторатты жетілдіру; озық терапиядағы дәрілік заттарды қолдану тәртібін айқындау көзделеді.

Медицина кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында кадрларды үздіксіз кәсіптік дамыту, оның ішінде жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру; медицина қызметкерлерін сертификаттау; резидентурада және кәсіби қызметті бастар алдында  міндетті түрде тәлімгермен бірге  үйрену көзделеді.

Цифрлық денсаулық сақтау бағыты бойынша пациенттердің дербес медициналық деректерін сақтау мен қорғау, оның ішінде дербес және жалпы  деректерді пайдалану тәртібін нақтылауды, сондай-ақ деректерді дұрыс енгізу мен оның толықтығы үшін жауапкершілікке  міндеттейтін  бірқатар шаралар енгізіледі. 

Жаңа Кодекс жобасы қабылданса,  ұлт денсаулығын нығайту, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін күшейту, өз-өзіне қол жұмсау  оқиғасын және темекі өнімдерін, алкогольді ішімдіктерді тұтынушылар  санын азайту, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) сапасын арттыру, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауды күшейту, медицина қызметкерлерін даярлау сапасын жақсарту, медицина  ғылымын дамыту, медициналық қызметтерді цифрлық форматта алу, сонымен қатар,  бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін және медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделген.