
Нұр-Сұлтанда DigitalHealthAstana 2.0 форумы аясында отандық медициналық жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттер арасындағы стратегиялық серіктестікке арналған конференция өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған іс-шараға академиялық және практикалық орта, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық қауымдастық өкілдері қатысты. Конференцияда еліміздің медициналық қауымдастығы білім беруге қатысты өзекті мәселелерді талқыланды.
Жиында Қазақстанның алты медициналық жоғары оқу орны мен алты жетекші шетелдік университет: Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) мен Литваның денсаулық туралы ғылымдар университеті, Астана медуниверситеті (АМУ) мен Vilnus University, Қарағанды медуниверситеті мен шведтік Lund University, Семей медуниверситеті мен Түрік Baskent University университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті (БҚММУ) және польшалық Poznan University медицина ғылымдары университеті, Nazarbayev Медицина мектебі және Питсбург университетінің медицина орталығы арасындағы стратегиялық серіктестіктің алғашқы нәтижесі қорытындыланды. Қазақстанда 2016 жылдан бастап "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" жобасы және Болон декларациясын іске асыру аясында медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
«Біз тұрақты түрде, кем дегенде жылына бір рет жиналуымыз қажет, бұл өте маңызды. Әр жобаның өз ерекшелігі бар, көзқарасымыз ортақ болғанымен, бірақ мәселені шешу жолдары әр алуан», - деді Елжан Біртанов.
Денсаулық сақтау министрі саясаткерлерді, мүдделі құрылымдардың басшыларын медициналық білім беру саласындағы бірлескен жобаларға қолдау көрсетуге шақырды.
«Өткен жылы отандық университеттер шетелдік әріптестерімен келісім-шартқа қол қою жұмыстарын аяқтады. Биыл осы жобалар нәтижелі іске асырылды. Алдымызда жаңа міндеттер тұр – әріптестікті әріқарай кеңейтіп, докторантура, магистратура, резидентура, бірлескен оқу бағдарламасын әзiрлеу керек», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Стратегиялық серіктестік және халықаралық тәжірибе трансферті оқу процесін еуропалық стандарттарға сай жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар білім берудің, тәжірибе мен ғылымның үш бірлестігіне өтуге де мүмкіндік береді. Мысалы, М. Оспанов атындағы БҚММУ базасында Poznan Польша медицина ғылымдары университетінің зертханасына ұқсас молекулалық биология және морфология зертханасы құрылды.
Семейде серіктестік жобасы аясында жаңа мамандықтар - шұғыл медицина дәрігері, қабылдау бөлімінің докторы, санитарлық авиация докторы пайда болды. Сондай-ақ, Baskent түрік университетінің ұсынымы бойынша шұғыл медицина дәрігерлері мен парамедиктер қауымдастығы құрылды. Nazarbayev университетінде ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды, онда стратегиялық серіктестермен бірге инновациялық емдеу мен ауруларды диагностикалаудың жаңа әдістері әзірленуде.
Біз адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және өлім-жітімді төмендету үшін ауқымды, серпінді жобалар жасап, медқызметкерлердің жаңа буынын даярлаймыз",-деді Nazarbayev University вице-президенті Массимо Пиньятелли.
Стратегиялық серіктестік отандық медициналық білім беру ұйымдарының шетелде танымал болуына және ТМД аймағында өз ұстанымы мен білім беру бағыттарын мойындатқан үлгілі ЖОО айналуға мүмкіндік береді. Министрлік пен мемлекет университеттерден жоғары деңгейде маман даярлауды және серіктестермен тығыз ынтымақтастыққа қол жеткізуді талап етеді. Конференция барысында қатысушылар қазақстандық университеттердің жақсы жақтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, даму перспективаларын анықтап, одан әрі халықаралық серіктестік бойынша жоспарларды белгіледі. Ынтымақтастықтың екінші кезеңі университетте білім беру процесін жаңғыртуға және мамандардың әлеуетін арттыруға ғана емес, сонымен қатар білім беру ұйымдарын басқаруға, сондай-ақ университеттік клиникалардың әлеуетін арттыруға да көмек көрсетуге бағытталатын болады.
Конференция медициналық білім саласындағы инновациялық көрмеге жалғасты. ҚР университеттері мен шетелдік стратегиялық серіктестер медициналық қоғамдастыққа өздерінің IT және инновациялық өнімдерін ұсынды.


