Көкшетау мен Қызылорда қалаларында ауруханалар салу мәселелері Ыстамбұлда талқыланды

Көкшетау мен Қызылорда қалаларында ауруханалар салу мәселелері Ыстамбұлда талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмыс сапарымен Ыстамбұл қаласына (Түркия) келді. Сапар барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Ыстамбұлдағы «Ronesans Holding» мемлекеттік-жекешелік әріптестігі шеңберінде салынып жатқан клиникаға барды.

Мекеме басшысы Елжан Біртанов - МЖӘ жобаларын жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласына инвестицияландырушы Түркияның негізгі компанияларының бірі – «Rönesans Healthcare Investment Co Inc.» Басқармасының төрағасы Камиль Яныкомероглумен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Көкшетау қаласында 800 төсектік аурухана және Қызылорда қаласында 300 төсектік аурухана құрылысы бойынша МЖӘ жобалары шеңберінде «Ronesans Healthcare Investment» компаниясы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларында университеттік клиникалардың құрылысы бойынша жеке серіктесті таңдау бойынша конкурсқа қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, компания 1993 жылы құрылған. Холдинг әлемдегі 38-ші ірі халықаралық мердігерлік компания және Еуропаның 10-шы ірі мердігері болып табылады. Дүние жүзі бойынша 20 - дан астам елде, әртүрлі салаларда-құрылыста, энергетикада, инфрақұрылымда және денсаулық сақтауда негізгі мердігер және инвестор ретінде әрекет етеді.

Компания ірі жобаларды іске асырды, оның ішінде: Еуропадағы ең жоғары ғимараттың құрылысы (Лахта-орталық), Еуропадағы ең үлкен сауда орталығы (авиапарк), әлемдегі ең ұзын теміржол тоннелі (готард базистік тоннелі).

«Ренессанс» медициналық тобының денсаулық сақтаудағы инвестицияның үш бағыты бар: медициналық құрылыс, ресурстарды басқару және кеңес беру. Топтың құрамында жобалаумен айналысатын 100 сәулетші мен инженерден тұратын жеке инженерлік топ бар. 

Түркияда компания мынадай МЖӘ жобаларын аяқтады: Йозгат қалалық ауруханасы, Елазыға қалалық ауруханасы, Бурса қалалық ауруханасы, Адана қалалық ауруханасы.

29-31 қазан аралығында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов биомедициналық технологияларға арналған Түркі әлемінің VI медициналық Конгресіне, сондай-ақ медициналық IT конференциясы мен «HIMSS 2019 EURASIA»көрмесіне қатысатынын атап өту қажет. Іс-шара Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді.

Сапар барысында Елжан Біртанов Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджамен кездеседі, сондай-ақ жергілікті бизнес өкілдерімен және әлеуетті инвесторлармен МЖӘ аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.