ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкоорталықтарға арналған медициналық техниканы сатып алу рәсіміне қатысты шағымды тексеруде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкоорталықтарға арналған медициналық техниканы сатып алу рәсіміне қатысты шағымды тексеруде

Химиотаргентті дәрілік заттар мен цитостатиктерді көбейтудің автоматтандырылған  құрылғыларын сатып алу Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру аясында жүзеге асырылады.

Медициналық бұйымдарды сатып алуды Сатып алу ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген) "СК-Фармация" ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы ұйымдастырады.

"СК-Фармация"  ЖШС мәліметінше 12 медициналық бұйымды сатып алуға арналған  тендерге 3 потенциалды тауар жеткізуші  қатысты.

Бірінші тендер тауар жеткізушілердің  Қазақстан Республикасының аумағына медициналық бұйым әкелуге және одан әрі пайдалануға рұқсаты бар екенін  растайтын құжаттарын көрсетпеуіне байланысты өтпеді, осыған байланысты  "СК-Фармация" ЖШС 19 қыркүйекте тендерді қайта жариялады және 30 қазанда қорытындысы шықты.

Алайда, тауар жеткізушілер тендердің қорытындысымен  келіспей өтініш жазған. Денсаулық сақтау министрлігі сол шағымға байланысты тиісті тексеру жүргізу туралы шешім қабылдады.

Шарт жасасу тексеру қорытындылары аяқталғанға дейін тоқтатылды. Қорытынды туралы қосымша хабарлаймыз.