Қырғызстандағы Қазақстан медицинасының алғашқы күнінің қорытындысы

Қырғызстандағы Қазақстан медицинасының алғашқы күнінің қорытындысы

Форумның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар мен Қазақстан және Қырғызстандағы жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы 18 меморандумға қол қойылды.

Қазақстандық мамандар Бішкектегі 3 медициналық ұйымға барды (ҚР ПІБ және ҚР  Үкіметінің клиникалық ауруханасы, ҚР ДСМ Кардиология және терапия ұлттық орталығы, туберкулезге қарсы орталық).

Іс-шараның екінші күні Бішкек қаласындағы 10 медициналық ұйым базасында қазақстандық жетекші мамандар қырғыз әріптестеріне кеңес беріп, науқастарды тексереді.

Еліміздің  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Қырғызстанның  Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпанбаевпен екіжақты кездесуі өтті.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкек қаласына ресми сапары аясында Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы ұсыныс; туберкулездің ашық түрімен ауыратын қазақстандық және қырғыз азаматтарына бірдей көмек көрсету мәселесі және туберкулезбен күрес туралы Келісім жобасы талқыланды; медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі кедергілерді жою, әсіресе, шекара маңында тұратын азаматтарға жағдай жасау, сондай-ақ, Қырғызстан азаматтары үшін ҚР ДСМ жолдамалары мен квоталары бойынша ҚР медициналық ұйымдарында жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктері сөз болады.

Бұдан басқа, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, фармацевтикалық нарыққа жол ашатын құрал ретінде ЕЭО шеңберінде ДЗ және ММБ тіркеу куәліктерін өзара тану рәсімін белсенді пайдалану мәселелері талқыланды. Болашақта денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, цифрландыру, онкологияда тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулерге қатысу жөніндегі ортақ  іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу ұсынылды.