
Бүгін Таразда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірдегі медицина қауымдастығымен кездесті. Жиынға қатысушылар 2020 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылатын медициналық сақтандыру жүйесінің түрлі аспектілері мен медициналық көмектің жаңа тәсілдерін талқылады.
МӘМС сәтті жұмыс істеу үшін және халық реформаны дұрыс қабылдау үшін ең алдымен сақтандыруды медициналық қызметкерлер қолдау қажет, - деді Денсаулық сақтау министрі. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың үштен бір бөлігі медициналық сақтандыру туралы өзінің емдеуші дәрігерінен естіген. Барлық өңірде дәрігерлердің МӘМС туралы білім деңгейін анықтау үшін анонимді тестілеуге негізделген оқыту семинарлары өткізілуде.
Е. Біртанов облыстағы әрбір тұрғынның мәртебесін анықтауға және азаматтарды түгел жаңа жүйеге тарту жұмыстарына ерекше назар аударды. Жамбыл облысында халықтың 82% өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Еңбек министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 36,2 мың адамды өзектендіру қажет. Жамбыл облысы бойынша 666, 5 мың халық жеңілдік жасалған санаттарға кіреді, 215,2 мың жалдамалы қызметкер, 18 мың ЖК және жеке тұлға, 18,6 мың БЖТ төлеуші бар. Облыс халқының 85,8% шартты түрде сақтандырылған.
Тұтастай алғанда, қазір республика бойынша халықтың 88,1% шартты түрде сақтандырылған, оның ішінде 10,0 млн. адам жеңілдік жасалған санатқа жатады, 5,4 млн. жалдамалы қызметкер, 0,7 млн. ЖК және жеке кәсіпкер, 0,2 млн. БЖТ төлеуші, қалған азаматтар жүйеге дербес төлеуші ретінде қатыса алады.
Бұдан басқа, МӘМС қоры медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлеу процесін жеңілдету үшін арнайы терминалдар орнату жұмыстарын пысықтауда, барлық медициналық ұйымдарға, медициналық қызметтерді жеткізуші мекемелрге төлем терминалын орнату жоспарлануда.
Министр халықты жаппай емханаларға тіркеу де басты міндеттердің бірі екенін ескерді. Елімізде 652,1 мың адам, оның ішінде Жамбыл облысында 51 мың азамат МСАК ұйымдарына тіркелмеген. МСАК дұрыс қаржыландыру үшін бұл жұмысты тіркеу науқанының соңына дейін аяқтау қажет.
Техникалық дайындық аудиті өңірлердің техникалық әзірлігі аудандық деңгейден жоғары екенін, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына 100% медициналық ақпараттық жүйе енгізілгенін, жұмыс орындары 98% компьютерлік техникамен жабдықталғанын көрсетті.
Жамбыл облысы бойынша жұмыс орны компьютерлік техникамен 100% жабдықталған. Барлық мемлекеттік медициналық ұйымда МАЖ аудандық дейгейде қамтылған. Сонымен қатар, ұйымдардың 95% медициналық ақпараттық жүйе аудандық деңгейден төмен енгізілген, жеке жеткізушілердің арасында 96 %.
Сондай-ақ, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты қолданыстағы медициналық ақпараттық жүйе бұрын әзірленген және орындалуы тиіс техникалық тапсырмаларға сәйкес пысықталуы қажет.
«Биыл жыл соңына дейін барлық медициналық ақпараттық жүйе медициналық қызметтерді бөлек есепке алуға және Қордан сақтандырылушы мәртебесі бойынша ақпарат алуға дайын болуы тиіс», - деді Елжан Біртанов.
Ақпараттық жүйелердің әзірлік мәселесі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін өте маңызды, осы бағыттағы жұмысты күшейтіп және оны келесі жылдың басына дейін аяқтау қажет.
Жамбыл облысындағы медициналық қызмет көрсететін 84 ұйымның 82-сіне (97,6%) медициналық ақпараттық жүйе енгізді.
2019 жылғы тамызда өткізілген республикалық әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша Жамбыл облысы халқының 84,5% МӘМС туралы толық және ішінара хабардар екені анықталды. Өткен жылдың соңында медициналық сақтандыру туралы білмейтін тұрғындардың үлесі 34,4% -ды құраған. Сондай-ақ, әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 50,7% медициналық ұйымдардың жұмысы жақсарды, 34,7% ешқандай өзгеріс болған жоқ деп санайды.
Министр МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен жүйеге қатысудың маңыздылығы туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

