
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның ашылуында Министрліктің Жауапты хатшысы Ботагоз Жақселекова қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, атаулы дата әрбір қазақстандық үшін ерекше күн екенін айтты. Бұл мереке Қазақстан халқы мен елімізге сіңірген еңбегі үшін Елбасына құрмет ретінде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік жылдары еліміз даму мен әлемдік қауымдастықта алға жылжу жағынан табысты жетістіктерге қол жеткізді. Осының барлығы халқымыздың еңбекқорлығы мен Елбасының саяси ерік-жігерінің арқасында жүзеге асырылды. Мемлекетіміздің кез-келген жетістігінде әрбір азаматтың, өңірлердің үлесі жатыр.
Қазақстан қарқынды дамып келеді, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жаңғырып, денсаулық сақтау жүйесі де жетілдірілуде.
Медицина қызметкерлерінің үйлесімді және ерен еңбегінің арқасында еліміздің Тұңғыш Президенті қойған міндеттер сәтті орындалуда деп сеніммен айтуға болады. Елбасының басшылығымен халықтың әлеуметтік көңіл-күйін және денсаулығын жақсартуға қол жеткіздік. Бұл әлемдегі ең маңызды мамандық иелері еңбегінің нәтижесі.
Денсаулық сақтау - өмір сүру, елдің бәсекеге қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігінің маңызды факторларының бірі.
Салтанатты жиналыс барысында залға қатысушылардың назарына егеменді Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған "Назарбаев – дәуір - адамы" деректі фильмі ұсынылды.
Сонымен қатар, министрліктің "Нұр Отан" партиясы аясындағы "Салауатты өмір" атты партиялық ұйымы төрағасының орынбасары Файзул Бисмильдин қатысушыларды мерекемен құттықтап, партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табыс етті.


