Министрлер мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Америкалық кардиология қауымдастығының базалық жүрек реанимациясы курсынан өтті

Министрлер мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Америкалық кардиология қауымдастығының базалық жүрек реанимациясы курсынан өтті

3 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрі, Білім және ғылым министрі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Америкалық кардиология қауымдастығының базалық жүрек реанимациясы курсынан өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында ТМД аумағында алғаш рет америкалық кардиология қауымдастығының аккредитацияланған базалық және кеңейтілген жүрек реанимациясын (BLS, ACLS) оқыту бойынша халықаралық тренингтік орталығы ашылды.

Америкалық кардиология қауымдастығы (AHA) кардиология саласында медициналық зерттеулермен, кардиологиялық ауру салдарынан болған мүгедектік пен өлім-жітімді төмендету мақсатында  білім беру жобаларымен айналысатын АҚШ-тағы коммерциялық емес ұйым.

Халықаралық тренингтік орталық Қазақстан Республикасы халқының қан айналымы жүйесі ауруларын, оның ішінде емдеуге дейінгі кезеңде өлім-жітімін азайту мақсатында ашылған.

Осы орталықты құрудағы басты мақсаттың бірі - АНА-ның бірыңғай стандарттарына сәйкес медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ республика халқын базалық реанимацияға (BLS) үйрету.

2019 жылы 30 қарашада ашылған халықаралық тренингтік орталықтың ТМД аумағында баламасы жоқ: оқыту процесі америкалық кардиология қауымдастығының әдістемелеріне және ресми материалдарына негізделеді, Тренингтік орталықтың нұсқаушылары арнайы оқудан өтті және жаттықтырушылық қызметке Ассоциация сертификат берді.

2019 жылы 3 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халықаралық тренингтік орталықтың алғашқы курсанттарының бірі болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, ел аумағында Халықаралық тренингтік орталық құру шұғыл медицина, төтенше жағдайы қызметі және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің базалық және кеңейтілген реанимациясын үздіксіз көрсетуге және сапалы оқыту жүйесін құруға мүмкіндік береді.