«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің форумына Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова қатысты

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің форумына Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова қатысты

Бүгін Ақтөбе қаласында SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің форумы өтті.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі  әлеуметтік әріптестік үшін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағымен және "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен 2017-2019 жылдарға арналған келісім жасаған.  Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс берушілерін екі салалық келісімде де Ұлттық денсаулық сақтау палатасы ұсынды.

Мұндай әріптестік негізінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты келісімге келуге мүмкіндік туады  және  әлеуметтік шиеленістің өршуіне жол бермейді.

Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласына  жұмсалатын жалпы шығынды  2025 жылға дейін ЖІӨ 5% дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде  жаңадан қабылданған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 2025 жылға дейін жалақыны арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, кәсіби жауапкершілікті қорғау арқылы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру көзделеді. 2025 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысы  550 мың теңге болады деп күтілуде.

Жауапты хатшының айтуынша, биыл бюджеттен  қосымша қаржы  бөлініп және медициналық қызметтерге тарифтер көтерілгенімен,  өкінішке қарай,  медицина қызметкерлерінің еңбекақысы барлық жерде  жаппай 30%  дейін көтерілмеген.

«Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі кәсіподақтарды әрбір медициналық ұйымда жалақыны арттыруға қатысты міндеттің орындалуын қатаң бақылауға шақырады. Кәсіподақтар өз мүшелерінің мүддесін қорғап және бірінші кезекте еңбекақының уақытылы  төленуін қадағалап, қаражат пен ресурстарды тиімсіз пайдаланудан қорғайтын күшке айналуы тиіс», - деді Ботагөз Жақселекова.

«Оның үстіне еліміз 2020 жылы 1 қаңтардан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшеді. Жаңа жүйе денсаулық сақтау саласына қосымша қаржы құюға, дәрігерлердің жалақысын  30%  дейін және орта медициналық қызметкерлердің еңбекақысын  20%  дейін көтеруге мүмкіндік береді», - деді Жауапты хатшы.