Денсаулық сақтау министрлігі де қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады

Денсаулық сақтау министрлігі де қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады

Мемлекет басшысы еріктілер жылы деп жариялаған жаңа 2020 жыл қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға,  Нұр-Сұлтан қаласында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге 200 мыңнан астам теңгеге  азық-түлік пен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Айта кету керек, қайырымдылық акциясы бір аптаға созылды.

Бұл іс-шара балаларды қорғау күні, білім күні және жаңа жыл мерекесі қарсаңында жүйелі түрде өткізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен  ведомствоға қарасты ұйымдар қайырымдылық шараларын әріқарай жалғастыра береді.